Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Ауыл шаруашылығы кешеніндегі қазіргі заманғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктер» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді

«Ауыл шаруашылығы кешеніндегі қазіргі заманғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктер» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді

«Ауыл шаруашылығы кешеніндегі қазіргі заманғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктер» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді
2018 жылғы 8 тамыз күні Қызылорда қаласында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада «Ауыл шаруашылығы кешеніндегі қазіргі заманғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктер» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.
Конференцияға мемлекеттік органдардың басшылары мен заңгер мамандары, ауылшаруашылығы саласының ардагерлері мен қызметкерлері, азаматтық қоғам, БАҚ өкілдері қатысты.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Бағдат Ізкенов конференция жұмысын ашық деп жариялап, агроөнеркәсіп кешеніндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктерге тоқталып өтті.
Конференция қатысушыларының назарына еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру саясатының басым бағыттарын айқындайтын және атқарылып жатырған жұмыстар туралы дайындалған бейнеролик ұсынылды.
Конференцияның алғы сөзінде «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ержан Байтілес еліміздің тұрақты дамуына кері әсер ететін сыбайлас жемқорлық секілді індетпен күресуді әрбір адам өзінен, өзінің отбасынан бастауды, бала тәрбиесіне ерекше назар аудару керек екендігін баса айтып өтіп, конференция жұмысына сәттілік тіледі.
Келесі кезекте сөз алған ауылшаруашылығы саласының құрметті ардагері Балтабай Ысқақов жас мамандарға отанға, туған жерге шынайы қызмет етуге, адал еңбек жасауға шақырды.
Департаменттің бас маманы Нұғыман Жақұдаев өз хабарламасында облыстағы агроөнеркәсіп кешені саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша жүргізілген сыртқы талдау нәтижелерін баяндаса, Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Жанат Дүзелбаева агроөнеркәсіп саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың барысы туралыхабарлама жасады.
Конференция соңында тиісті ұсынымдар қабылданды.
12 тамыз 2018 ж. 1 037 2

Гость Jeahulalf от 17 ақпан 2019 01:51
Comprar Levitra En Andorra Diferencias Entre Cialis Y Levitra Cialis 5mg Wirkstoff cialis no prescription Where Can I Buy Clomid Over The Counter Keflex Inc Cod Generic Isotretinoin

Гость Jeahulalf от 7 наурыз 2019 05:34
Viagra In Tschechien Side Effects Cephalexin Difference Between Cephalexin And Cephalexin Monohydrate viagra Amoxicillin 500mg