№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖЕР ЫРЗЫҒЫ ЖӘРМЕҢКЕДЕН КӨРІНДІ

ЖЕР ЫРЗЫҒЫ ЖӘРМЕҢКЕДЕН КӨРІНДІ

   Облыс орталығындағы «Астана» даңғылының бойына халық көптеп жинала бастады. Ел ерте оянып, сағат сегізден бастап сауда қыза түсті. Таң сәріден сөмкесін сүйрете келген тұрғындарға тоқсаннан аса жүк тиелген көлік азық-түлігін ұсынды.

Жәрмеңкеде Келінтөбеден келген балық пен бақша дақылдарына қалалықтардың талғамы көбірек ауды. Әсіресе, «Ислам» шаруа қожалығы сазанының өтімі жақсы болды. Сондай-ақ, картоп пен жуа және қырыққабатқа сұраныс өте жоғары екенін аңғардық. Мәселен, Төменарықтан келген келісі 80 теңгеден тұратын қырыққабатты алушылар қатар тізіліп, қап-қаптан алып кетіп жатыр. Ал, келісі 70 теңгеден сатылған картопқа сұраныс жоғары болды. Айта кетейік, қала орталығына ауданнан әдеттегідей 218 тоннаның өнімі жеткізілді.
Жәрмеңкеге арнайы келген облыс әкімі Қырымбек Көшербаев дала еңбеккерлеріне алғысын жеткізді.
– Биыл егіннің жайы қалай болды?
– Судың тапшылығына қарамастан өнімділік жаман емес. Әсіресе, бақша өнімдері мен күріштен жылдағы межені еңсере алдық. Мұның бәрі дала диқандарының тынымсыз тірлігі мен ерен еңбегінің жемісі.
– Бүгінгі жәрмеңкеге қандай тауар ұсына алдыңыздар?
– Құны 17 млн. теңге тұратын тауардың 30-астам түрі жеткізілді. Әсіресе, ет пен балықтан көбірек өнім алып келуге тырыстық. Себебі, ауданның сиыр етіне деген сұраныс жоғары.
Аудан әкімі Ғалым Әміреевтен мән-жайды сұрап, қатар тізілген көліктерді аралаған аймақ басшысы алдымен ауданның брендіне айналған қауын мен қарбызға тоқталды.
Жеке кәсіпкер Айжан Нұралықызынан:
– Сауда қалай болып жатыр?
– Жақсы, өзіңіз көріп тұрғандай қарбыздың аз бөлігі ғана қалды. Бүгін кемпір қауынның өтімі жақсы. Себебі, бағасы қолжетімді, дәмі де тіл үйіреді.
– Дұрыс істерің берекелі болсын, ел игілігі жолында еңбектерің еселене берсін, – деді әкім. Әрбір ауылдан келген өнімнің сапасына мән берген облыс әкімі қала тұрғындарына да жылы пейіл танытып, Жаңақорғанның өнімін алуға кеңес берді. Одан кейін, М.Нәлібаевтан келген күріш пен Манаптан келген сиыр етіне тоқталды.
– Еттің келісі қаншадан болып жатыр?
– Келісі 1250 теңге.
– Қанша келі алып келдіңіз?
– Негізі 300 келі алып келген болатынмын. Келесі келгенімде көбірек алып келуге тырысамыз, – деді манаптық ет сатушы.
Осылай әрбір кәсіп иесімен дидарласқан Қырымбек Көшербаев тауардың бағасы мен сапасына жіті көңіл бөлді. Әрі, жаңақорғандық диқандарға алғыс айтуды да ұмыт қалдырмады.
– Биыл көптің тілеуін тілеп көтеріп, ықыласына бөленіп жатқан жаңақорғандықтарға ризамыз. Әр жәрмеңке сайын келіп, қажетімді өтеп жүрмін. Бүгін ұн, күріш пен еттен бөлек күзгі қарбызды сатып алғалы келдім. Осындай игі істер жалғасын таба берсін, – деді қала тұрғыны Әйгерім Есімсейітова.
Міне, күздік еңбектің жемісіне ел де, егінші де разы. Бір тамшы терде бір түйір дән барын еңбек көрсетті. Сондықтан, биылғы науқан егінші қауымның қызметінің қайтқанына жәрмеңкеде куә болдық.



Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ. 
30 қазан 2018 ж. 1 146 0