Соңғы жаңалықтар

"Талантты Жұлдыздар"

24 сәуір 2024 ж. 47

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » БЕТБҰРЫСТАР ДАМУҒА БАСТАДЫ: жетістіктерге жетелейтін асқақ мақсат

БЕТБҰРЫСТАР ДАМУҒА БАСТАДЫ: жетістіктерге жетелейтін асқақ мақсат


Жоспарлы мақсат ғана жұмысты нәтижелі, жемісті етеді. Бұл ретте, аудан басшысы: «Елде жүзеге асып жатқан өзгерістер ағымынан қалмай, жаңа бастамаларға ұмтылу керек», – деп бірқатар жобаны ұсынды.
«Саяжай» және «МАИ бекеті» аумағынан 600 орындық мектеп, №169 мектептің 600 орындық жаңа ғимаратын, «Ипподром» аумағынан 300 орындық мектеп пен 140 орындық балабақша құрылысын жүргізу жоспарға қойылды. Сондай-ақ, Ақүйік ауылдық округінде 90 орындық балабақша салынады. 2017 жылы нысандардың жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуге электрондық мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып, бөлінген қаржы толық игерілді. Орталық стадионды қайта жаңғыртып, заманауи талаптарға сай салу да жоспарда бар. Қожамберді, Екпінді және Жаңарық ауылдық округінде әкімдік ғимараты салынды.
Ауыз су бойынша 2014 жылдан бастап Талап-Сырдария топтық су құбырының құрылысы жүргізілуде. Жоба бойынша 12 елді мекеннің 19381 тұрғыны таза сумен қамту қарастырылған. Бұл жұмыстарды 2019 жылы аяқтау межеленген. Былтыр Жаңақорған кентінде су жүйесін жаңғырту жұмыстары басталса, биыл қарқынды жүргізіледі. Бұл жұмыстар биыл жалғасын табатын болады.
Былтыр ұлт тұлғаларына айналған Әлшекей Бектібайұлының 170 жылдығы, Сұлтан Сартаевтың 90 жылдығы, Жандарбек Мәлібековтің 75 жылдығы, Бақыт Сарбалаұлының 70 жылдығы, Жолтай Әлмаш пен Қалила Омаровтың 60 жылдығы жоғары деңгейде өткізілсе, биыл Астана қаласының 20-жылдығы аясында екі республикалық және бір экспедициялық және телевизиялық, 14 облыстық шара өткізу жоспарлануда екен. Атап айтқанда, Қазақстаның Халық әртісі, Қазақстанға Еңбегі сіңген дирижер Төлепберген Әбдірашевтің 70 жылдығын, Халық ақыны Манап Көкеновтің 90 жылдығы, ауданның шежіресіне айналған «Жаңақорған тынысы» газетінің 85 жылдығы өткізіледі.
27 қаңтар 2018 ж. 997 0