» » Жаңақорған аудандық сотының ұйымдастыруымен «Рухани байлық-игілік көзі» тақырыбында іс-шара өтті

Жаңақорған аудандық сотының ұйымдастыруымен «Рухани байлық-игілік көзі» тақырыбында іс-шара өтті


Жаңақорған аудандық сотының ұйымдастыруымен 3 наурыз 2018 жылы аудандық мәдениет үйіне қарасты орталық кітапханада сот жүйесі қызметкерлерінің рухани және мәдени білімдерін көтеру мен Елбасының қазақ әрпінен латын графикасына көшу туралы тапсырмасын жүзеге асыру мәселелерін талқылау мақсатында зиялы қауым өкілдерімен, өнер қайраткерлерімен және құзыретті органдар өкілдерімен кездесу өткізілді.

Іс-шараға аудандық соттың төрағасы Н.О.Қосанов және сот қызметкерлері, аудан әкімінің орынбасары С.Ыдырысов, аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Ғ.Тұрсекеев және бөлім қызметкерлері, Қазақстан Республикасы жазушылар және журналистер одағының мүшесі Ф.Сахиев, өңірлік «Жаңақорған тынысы» газетінің бас редакторының орынбасары Б.Үсейінова, «Халықаралық қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің аудандық филиалының төрағасы, аудандық қоғамдық бірлестіктердің спикері И.Нәрзілдаев, құқық қорғау қызметкері орталығының кеңесшісі, кәсіби медиатор А.Жәнібеков, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жетекші маманы С.Алдабекова қатысты.
Шара барысында барлық қатысушылар аталған тақырыптар бойынша ой пікірлерімен бөлісіп, көкейтесті мәселелерді ортаға салды және оларды шешу жолдары талқыланды.
Іс-шара соңында қатысушылармен талқыланған мәселелер қорытындыланып, бұл бағыттағы жұмыстарды әрі қарай жалғастыруға ұсынымдар қабылданды.
Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
16 наурыз 2018 ж. 1 308 0