№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ЖАҢҒЫРТЫЛМАҚ

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ЖАҢҒЫРТЫЛМАҚ


Биылдан бастап Жаңақорған кентінде бес және ауылдық округтерге сегіз бағыт бойынша қоғамдық көлік қатынайтын болады. Мұндай қуанышты жаңалықпен аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткен жиында аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Есдәулет Сейлов сүйіншіледі.
Жаңақорғандықтардың өзекті мәселесіне айналған қоғамдық көліктің реттелуі жылдың басты жаңалығы десек болады. Жиында аудан әкіміне атқарылған жұмыстары жайлы есеп берген Есдәулет Мырзадәулетұлы:
– Қазіргі уақытта жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданішілік және кентішілік тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына конкурс ұйымдастыру үшін конкурстық комиссия құрылды. Конкурсқа «Жаңақорған-М.Нәлібаев-Өзгент», «Жаңақорған-Бірлік», «Жаңақорған-Қожакент», «Жаңақорған-Сунақата-Екпінді», «Жаңақорған-Жайылма», Жаңақорған-Талап-Кеңес», «Жаңақорған-Қыраш-Қосүйеңкі», «Жаңақорған-Кейден» бағытында түсуде. Сондай-ақ, кентішілік «Қорғантоғай-Саяжай», «Жаңаауыл-МАЙ бекеті», «Бибек-Алтынсарин», «Жеңіс» көшесі бойымен-Қ.Алдабергенұлы көшесіне дейін», «С.Қожанов-№110» мектеп лицей аралығы қамтылады. 2018 жылдың 23-ақпанында конкурстық комиссияның нәтижесімен жеңімпаздары анықталып, бағыттар бойынша қоғамдық көліктер жүреді, – деді сала басшысы.
Демек, бұйырса наурыз айынан бас­тап қоғамдық көліктің игілігін тұрғындар көретін болады. Қуантарлығы, кентішілік көлік бағасы 50 теңге болады. Әрине, қоғамдық көліктердің қайта қатынауы аудан әкімінің ерекше қолдауының арқасы. Яғни, әзірге өзін-өзі ақтамайтын қызмет түрін субсидиямен демеп отыр. Мәселен, 2017 жылға – 9 837 000 теңге бөлінді. Биыл бұл қаржы 590 000 теңгеге артқан. Үнемі жергілікті бюджет арқылы субсидиялап отыру да қиын. Ендеше, қоғамдық көліктер қатынасы бәсекеге қабылетті болуы тиіс. Ол үшін заңсыз такси қызметін реттеу керек-ақ.
– Жаңақорған ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының №49 нұсқамасымен заңсыз жолаушы тасымалымен айналысып жүрген тұлғаларға тексеру жұмыстары жүргізілді. Түсіндірме жұмыстары барысында кәіспкер ретінде тіркелу жолдарымен қатар ескерту хаттары берілді. Бірлескен рейд барысында 3 жолаушы тасымалдаушыға хаттама толтырылып, соттың қаулысымен 71 472 теңге айыппұл салынса, 5 тұлғаның ісі соттың қарауына жіберілді. Қазіргі таңда көліктерімен жолаушы тасымалдаушы ретінде кірістер басқармасына 172 тұлға тіркелсе, ауыр жүк таситын көліктерден 2018 жылдың қаңтар айы бойынша 7 автокөлік тіркелді, – деді.
Әрі, сала басшысы кент ішінен жеті жерден такси тұрақтарын жайластырып арнайы белгілер орнатылған соң, Жергілікті полиция қызметі мен Мемлекеттік кірістер басқармасымен бірлесіп такси қызметімен айналысып жүрген көліктерге бақылау жасайтынын айтты.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе аудан аумағындағы ветеринариялық қызметтің орындалуы мен алдағы міндеттері талқыланды. Бас ветеринар Нұрлан Беркімбаев атқарылған жұмыстар жайында баяндады. Аудан басшысы бұл саладағы атқарылып жатқан жұмыстарға қанағаттанбай, алдағы уақытта бақылау болатынын ескертті. Яғни, мал ауруының алдын алу бірінші мәселе болса, екіншісі көктем мезгіліндегі қаңғыбас иттерді қадағалауды тапсырды.
2017 жылы құжат айналымы мен бақылауға алынған хаттар және хаттамалық тапсырмалардың орындалуы бойынша аудан әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысы Әбілхайыр Бегманов сөз етті. Ол хаттамалық тапсырмалардың орындалуы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен жеке қабылдау бойынша атқарылған жұмыстарды саралады. Ал, аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Қаржыбек Бүркітбаев кәсіпкерлік саласын дамытуға байланыс­ты атқарылатын жұмыстарымен бөлісті. Сондай-ақ мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы бойынша ауылдардың үлесін, салыққа салғырттық қараған ауылдық округтерді тізіп шықты.
Жиынды қорытқан аудан басшысы Ғалым Әміреев енді әрбір сала басшысына және ауыл әкімінің жұмысына мониторинг жасап, өз міндеттерін толық орындамағандарға шара қолданатынын ескертті.

P.S.: Яғни, біздің басшыларға сөзден іске көшіп, жұмысқа сергектік танытпағаннан басқа амал жоқ. Елбасы айтқандай, әлем сағат сайын өзгеріп, жылдам дамуда. Ендеше, оянатын кез келді.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ.
03 ақпан 2018 ж. 1 651 0