№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Екпінді ауылы әкімінің есебі

Екпінді ауылы әкімінің есебі


Ауылдың гүлденуі – елдің гүлденуі. Сондықтан, реформалар мен бағдарламалар ауыл халқының еңсе тіктеуіне бағытталып жатады. Осы тұста, атқарылып жатқан жұмыстардың игілігін ауыл халқы қаншалықты көріп отыр? Осыны білмекке аудан әкімі Ғалым Әміреев, облыстық мәслихат депутаты Мәдіхан Бекжанов,  облыстық статистика департаментінің басшысы Мариям Баекеева, аудандық мәслихат хатшысы Ерғали Ілиясов және сала басшылары Екпінді, Төменарық, Қожамберді, Сүттіқұдық ауылына арнайы барып, өткен жылы атқарған жұмыстарды пысықтап, 2018 жылдың жоспарын талқылады.

Екпіндіде 150-ден аса отбасының түтіні түтейді. Ауыл халқының негізгі айналысатын кәсібі мал және егін шаруашылығы.
Округ әкімі Қ.Қожамжаровтың былтырғы атқарған жұмыстары жайында берген есебіне сүйенсек, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасына сәйкес ауыл көркейіп, облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға Е.Жексенбиев көшесінің бойына егілген ағаштарды қоршау жұмыстары жүргізілген. Ал, жергілікті бюджеттен бөлінген ақшаға Бекжұман ата көшесіне жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп, ауыл ішіне аяқ су жүретін арық тазаланған. Сонымен қатар, «Тасболат-А» ЖШС-нің инвестиция салуымен айналымнан шыққан жерлер қалпына келтіріліп, өнімділігі жоғары күріштің тұқымын аудандастұрудың нәтижесінде мол өнім жинады. Жалпы,  егіспен айналысатын «Екпінді», «Бастау» шаруа қожалығы мен жеке азаматтар 901 га жерге ауылшаруашылық дақылдарын екті. Бұл – соңғы жылдардағы рекордтық көрсеткіш. Ал,  «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасымен «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша бір азамат, «Бизнес-Кеңесші» бағыты бойынша үш азамат білім алып, бес тұрғын қайта даярлау курсын оқып шыққан. «Қамқоршы» несие серіктестігі арқылы бір шаруа қожалық, облыстық «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» арқылы бір азамат, «РИЦ» арқылы бір тұрғын несие рәсімдеп, шаруаларын алға жылжытқан.
Дегенмен, шешімін таппай тұрған мәселе де баршылық. Оны ауылдың тұрғыны Боранбай Нағашбек айтты. Ол ауылға кіре берістегі көпірдің апаттық жағдайда тұрғанын айтып, су қашыртқының 30 жылдан бері қайта қазылмағанын жеткізді. Біріншісі, ауыл тұрғындарының қауіпсіздігі үшін маңызды болса, екіншісі, күріштен мол өнім жинаудың тетігі екені даусыз. Тұрғынның сауалына аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Есдәулет Сейілов жауап берді. Яғни, аудандық маңыздағы көпірдің жөндеу жұмыстары жөніндегі жобасын аудандық бюджетке ұсынып отырғанын айтты.
19 қаңтар 2018 ж. 2 117 0