№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

ДҮКЕНШІ


Сом темірді иіп ауылдастарының сұранысын сапалы орындап жүрген ұстаның бірі қожакенттік Шерман Бегманов. Оған темірден ою ойып, түйін түйетін ұсталық өнер атаның қанымен бойына сіңгендіктен – атакәсіпті барынша қадірлеп, құрметтейді. Сондан болар жастарды асыл өнерге баулып, оның қыр-сырын үйретіп те жүр...

– Аталарым елдің алғысын алған дүкеншілер. Олар көрікпен металды балқытып, қыздырып төсте иенін қандырып, түрлі бұйымдар жасаған қолөнер иесі болды. Аманат өнерге қиянат жасамау үшін шеберхананың есігін жабқан емеспін, – деп бастады әңгімесін Шерман Сейтмаханұлы.   
Жүректің дүңк-дүңк дүрсілін балғаның тарс-тұрс, тарс-тарс даусымен үндестірген дүкенші ұсталық өнерді бала кезіңде бойына сіңіріп, оны жетік меңгереді. Атасы Бегман киіз үй жасаған ағаш ұстазы болса, әкесі Сейтмахан темірден тұрмыста тұтынатын түрлі бұйымдар мен шаруашылыққа қажет құрал-саймандар жасайтын «темірші» болды.
– Әкемнің шеберханада күн ұзақ үздіксіз соққан балға тықылы құлағымда әлі жаңғырып жүр. Ол үзеңкі, ауыздық секілді ер-тұрман мен соқаның, тырманың тісін және т.б. жасағанын көзбен көрдім. Сондай-ақ ауылдастарына қажетті шалғы, орақ, күрек, кетпен, тесе сияқты сайманның жүзін төске салып, балғаның сүйір қырлы жүзімен ұрып, шыңдайтын бесаспап кәсіби маман еді. Бір сөзбен айтқанда, ауыл тұрғындарының тұрмыстық бұйымдарын жамап, жалғап беретін. Әсілі, ұлт бойындағы ұлы өнер – ұсталық өнерге құмарлық осы кезден басталды-ау, – дейді дүкенші.
Шерман шебердің қолынан шыққан заттардың ішінде ең көп таралғаны – тұрмыстық заттар. Ол әсіресе күнделікті өмірде пайдаланатын бұйымның сан алуан түрін жасайды. Оның қолынан шыққан темірден жасалған киіз үй ауылда өткен жиын-тойдың сәні. Ал, шлакоблок кірпішін аппаратты жаңақорғандықтар арнайы тапсырыс беріп жасатады екен. Әсіресе, Қаратөбе, Келінтөбе, М.Нәлібаев, Қыркеңсе тұрғындары оның қол еңбегіне көп жүгінеді.
Алты шәкіртті тәрбиелеп, білгенін үйретіп жүр. Соның бірі ұлы Ғазиз, немере інісі Исламхан. Оларға ата қанымен келе жатқан «генетикалық өнер» (генетикалық код) қасиетті өнер екенін ұғындыруда.
– Осыдан 4-5 жыл бұрын қонақтан келе жатқанымда шебархананың жарығы жанып тұрғанын көзім шалды. Үйге кіріп «ұстаханада кім бар? – деп сұрастырсам, бәрі үйде екен. Араға бірінеше апта салып шеберханада жарықтың жанып тұрғанын қайта көрдім. Бұл жолы ішінде тарс-тұрс еткен балғаның дауысын анық естідім. Қасына жақындағанда жарық та, балғанын үні де өшті. Ұстахананың ішіне кіріп, жарықты қосқанымда құрал-сайманның бәрі орын-орнында тұрды, – деп таңқалысын жеткізді Ш.Бегманов.
Оның айтуына қарағанда, ұсталық – қасиетті өнер. Дала өркениетінде бұл кәсіп орта ғасырлардан бастау алады. Қаратаудың қойнауында металл өндірісінің орталығы болуы тектен-тек емес. Онда ұсталар көшпенділердің қару-жарақ, ер-тұрман, үй мүліктерінің алуан түрін жасауға себепші болады. Алаш баласы темірді балшыққа илеп, одан түйін түйетін шеберді «Дүкенші» деп әспеттеген. Халық ұғымында «Дүкенші – елден ерекше күшке ие адам» деген ұғым қалыптасқан. Сондықтан ұсталық өнерді құрметпен қарау қажеттілігін айтты.
Ауылдық округтің әкімі Асылбек Айтжанов: «Қожакенттіктер керек-жарағын жөндету үшін Шекеңнің шеберханасынан табылады. Қолы ашық ұста қол жәрдемін беріп жатады. Ұстахананың есігі жабылмаса да ауылдастары бұйымдарына тимейді. Себебі ол жұрттың алғысын алған азамат», – деді.
– Әрбір азамат ұлтын сүюі парыз. Ал жұртын сүю үшін – әдет-ғұрпын, мәдениетін, өнерін жетік біліп, ұстанып, дамытуы тиіс. Сонда ғана ата-баба рухы алдындағы міндетін, борышын өтейді. Осы тұрғыда сараласақ, менің әкем ата аманатына адал жан, – деді белгілі кәсіпкер Изатулла Үсенов.
Нұрлат БАЙГЕНЖЕ.
19 қыркүйек 2018 ж. 2 087 1

Гость Jeahulalf от 6 ақпан 2019 02:20
Indiadrugs Prix Du Levitra En Pharmacie En Belgique Amoxicillin Allergy Bruising propecia merck Cialis 10 Mg Prezzo Viagra In Holland Legal Kaufen Does Amoxicillin Affect The Pill viagra vs cialis 3g Amoxicillin Oral Acheter Propecia Sans Ordonnance Viagra Pfizer Generika viagra Cytotec 200mg Finasteride 3 Mg Propecia