Кәсіпкерлерге қолдау көп
Жаңақорған ауданының әкімі Ғалым Әміреев Өңірлік Коммуникациялар Қызметінде журналистерге берген брифингте кәсіпкерлереге көрсетіліп жатқан қолдау жайында айтты.
Оның сөзінше, бүгінгі таңда «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының ұсынысымен 1029,5 млн теңгенің 221 жобасы несиелендіру үшін «Қызылорда «Өңірлік Инвестициялық Орталығы»микроқаржы ұйымына ұсынылды. Осының ішінен 255,5 млн теңгенің 86 жобасы мақұлданып ішінара қаржыландыру жұмыстары жүргізілуде. Үстіміздегі жылдың 1 шілдесіне 176 млн теңгенің 59 жобасы бойынша несие алынып жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 51 жоба, «Агро Бизнес - 2020» арқылы 5 жоба, барлығы 115 жоба алынды, яғни 325 950 мың теңге несие берілді. Сондай ақ, «Даму» қоры арқылы жоба құны 144 млн теңге болатын 6 жоба іске қосылды, 42 жаңа жұмыс орны ашылды
Пікір 2