№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » АУДАН СПОРТЫ: КЕШЕ, БҮГІН...

АУДАН СПОРТЫ: КЕШЕ, БҮГІН...


Біз бұл сұраққа жауапты спорт жанашыры, уақытында аудан спортының өрлеуіне өзіндік үлес қосқан Мәметәлі Жаденовтан іздедік. Ол кісі тек спорт саласының ғана жанашыры емес, аудандық төл баслымының тұрақты оқырманы. Бір сөзбен айтқанда, барлық ғұмырын спорт саласына арнап келе жатқан қарапайым еңбек ардагері.
– Аудан спортының өткенін бағамдап берсеңіз.
– Шыны керек, ол кезде бүгінгідей жағдай болған емес, тіпті, жарысқа шығуға деген мүмкіндігіміз аз болды. Дегенмен, аудан спортшылары облыста олжалы оралатын. Мен басшылық қызметке 1993 жылы келдім. Ел егемендігін алып, тоқырау жылдары туғанда аудан спортының дамуы да бәсеңдеп қалған болатын. Дегенмен, азаматтардың қолдауы мен жастардың жігерінің арқасында еңсемізді қайта тіктедік. Әр жексінбі сайын жәрмеңке өтетін еді, сол жәрмеңкелерде спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырып, жастардың қызығушылығын ояттық. Әсіресе, Жаңақорғанда жеңіл атлетика мен велоспорттың деңгейі өсті. Мақтанғанымыз емес, біз бес жылда биіктерге көтерілдік. Мен осымен мақтана аламын.
Жалпы, өзім де спортқа бала кезімнен құмар едім. Әлі есімде тоғызыншы сыныпта алғашқы тұғырыма көтерілдім. Веложарыстан облыстық сында олжалы оралып, содан спортқа бірыңғай бет бұрдым.
– Бүгінгі аудан спортының беталысы қандай?
– Өте жақсы жолда келеді. Күнделікті жаңалықтардан естіп бір марқайып қаламын. Ардагер спортшы болсам да жаңалықтардан құр-алақан емеспін. Қандай спорт түрі болсын қолдауға дайынмын. Ұлттық спорт, доп додалары, кеше естіп жатырмын ауыр атлеттер өсіп келеді. Бір сөзбен айтқанда, Жаңақорғанда спорттың дамуы өте жоғары. Ең бастысы, нәтижеге жұмыс жасай білу керек.
– Келешекті бағдарласаңыз, жалпы қандай ой салар едіңіз?
– Таланттың бәрі ауылда. Осыны ескеру керек ең бастысы. Әрине, бес саусақ бірдей емес ғой. Бізде бір кемшілік ол жеңіл атлетиканың ауылы алшақтап тұр. Осыған көбірек көңіл бөлгеніміз жөн. Ал, қолдау жеткілікті болғанымен, кейде қаражат жеткіліксіз болатыны жасырын емес. Осындайда ардагерлер кеңесі жұмыс жасаса деген ой пайда болады. Яғни, спорт ардагерлерінің аудандық кеңесі құрылса игі бастама болар еді. Бұл бастаманы Жақсылық Егізбаевтың өзі қолдап отыр. Шыны керек бізге осындай ұйым керек, себебі біздің болашағымыз бүгінгі жастар. ал, оларға демеу көрсету біз секілді аға буынның міндеті.

ТҮЙІН. Иә, бүгінде үш ұл, екі қыз өсіріп, 12 немере сүйіп отырған ардагер спортшының шәкірттері де жетерлік. Нұрлан Исаев, Марат Жүсеев, Тұрғанбай Әбжалелов сынды спорт майталмандары ел спортында өзіндік орны бар жандар. Ал, Мәметәлі Жәденовтің өзі де уақытысында кеудесіне спорт саласына еңбек сіңіргені үшін талай медальдарды тақты. Әсіресе, әскерде жүргенде жеңістің биігінен көрінді. Лениннің 100 жылдығына арналған медальға ие болса, Орта Азия әскери округінің арнайы «Алғыс хатымен» марапатталған. Әскери қолданбалы көпсайыс жарыста бірінші дәрежелі төреші деген тағы атағы бар. Сондай-ақ, «Құрмет грамотасымен» де наградталып, марапат биігіне бірнеше рет көтерілді. Бір ауыз сөзбен қорытсақ, «елге еткен еңбек еш қалмайды», ең бастысы қызметіне адал жандар ғана құрмет биігіне осылай көтеріледі.
10 шілде 2018 ж. 1 267 0