№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ВОЛЕЙБОЛШЫЛАР ТАРТЫСЫ

ВОЛЕЙБОЛШЫЛАР ТАРТЫСЫ


Білікті ұйымдастырушы, спорт жанашыры Әмір Рысбековты еске алуға арналған волейболдан 2005-2006 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы республикалық турнир мәресіне жетті. Бірнеше күнге созылған дәстүрлі қол доп додасына Астана, Алматы, Тараз, ОҚО және Қызылордадан келген он мықты команда бақ сынады. Жарысты аудан әкімі Ғалым Әміреев ашып беріп, ізгі тілегін жеткізді.
– Аудан спортының өрлеуі мен өркендеуі жолында Әмір Әдісалиұлының сіңірген еңбегі зор. Әсіресе, жастардың спорт саласында өсуіне, ағалық ақылын, өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, спортшыларға жол көрсете білді. Білікті басшы ғана емес, қоғамда да өзінің азаматтық қырынан көрсете де білген жан еді. Сондай-ақ, ұстаздық жолда білімді шәкірт тәрбиелей білген алған білімді тәлімгер. Сондықтан, оның ізін жалғап келе жатқан жас буынға бүгінгі жарыс биік белес болмақ, – деді аудан басшысы.
Әрі, ашылу салтанатында жас спортшыларға Қазақстан Республикасының спорт қайраткері, облыстық спорт ардагерлері кеңесінің төрағасы, Республикалық «Ұлт тағдыры» қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының жетекшісі, профессор Жақсыбек Егізбаев сәттілік тіледі. Облыстық волейбол федерациясының вице президенті Бақыт Кеңесов турнирдің үздік ойыншыларын мараппаттау үшін облыстық волейбол федерациясының артынан естелік сыйлықтарымен демеушілік жасады.
Сонымен, аудандық денешынықтыру және кешеніне жиналған он мықты команда жарыстың алғашқы күнінде барын салуға тырысты. Шыны керек, алаң иелерінің жауапкершілік жүгін сезіне алғанын көрген жанкүйерлердің де делебесі қозды. Үлкенге ізетті іні, кішіге ақылман аға бола білген спорт жанашыры Әмір Рысбековты еске алуға арналған волейболдан жасөспірімдер арасындағы республикалық турнир жаңақорғандықтар үшін сәтті аяқталды. Еншімізде екі жүлде бар. Түгіскен жастары турнир биігінен көрінсе, күміске Қызылордадан келген балғын волейболшылар қол жеткізді. Ал, үздік үштікті Жаңақорған құрамасы түйіндеді.
– Жарыс өте тартысты өтті. Барлық командалар мықты екендерін дәлелдеді. Алайда, өз жерімізде өтіп жатқандықтан, біз жеңімпаз атануды мақсат тұттық, – деді жас спортшы Арман Тұрсын.
24 сәуір 2018 ж. 1 204 0