№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » БАЛАНЫ НЕШЕ ЖАСЫНДА СПОРТ ҮЙІРМЕЛЕРІНЕ БЕРГЕН ДҰРЫС?

БАЛАНЫ НЕШЕ ЖАСЫНДА СПОРТ ҮЙІРМЕЛЕРІНЕ БЕРГЕН ДҰРЫС?


Жас жеткіншектің өмірлік жолын таңдауда - ата-ананың тигізетін әсері мол. Өсе келе баланың айналадағы құбылыстарға қарап, таным көкжиегі кеңейе түседі. Бала арман алға жетелейді. Олардың қатарында спортшы атанғысы келетін жас жеткіншектер де табылады. Осы тұста ата-ана алдында да қиыншылықтар кездеседі. Ескерер дүниелер алдан шығады. Осыған орай
, біз сіздерге баланы неше жастан бастап спорт үйірмелеріне апару туралы айта кеткенді жөн көрдік.
2025 жылға дейін Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытудың бір жолы - халықтың бос уақытына бағдарланған спортты жандандыру, балалармен және жастармен жұмыс істеу әдістерін жетілдіру. Саламатты ұрпақ – ұлт болашағының нағыз іргетасы іспетті. Сондықтан да балалар мен жасөспірімдерді дене шынықтырумен және спортпен барынша қамтуды қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдайлар жасауды жандандыру қажет.
Қазақ «үлгі болар ағаның ізін бас та, жолын қу, болам деген баланың бетін қақпа, белін бу» дейді. Спортқа әуес баланың бетін қақпай, таңдаған спорт түріне жол сілтеу – ата-ана алдындағы бір парыз. Жас жеткіншектің қалаған спорт түрінің үйірмесіне қатысқаны дұрыс. Себебі, ата-ана таңдауымен спорт түрін таңдаған бала уақыт өте келе барлығына бір-ақ қол сілтеуі мүмкін.
Баланы спорт үйірмесіне апарғанда жасына да мән берген дұрысырақ. Бұған таңдаған спорт түріне қарай да ескерген дұрыс. Кейде ата-аналар балаларын спорт үйірмелеріне кешірек беріп жатады. Ал ол кезде жас жеткіншекке жаттығуларды еркін меңгеріп кету қиынырақ соғатын болады.
Баласының акробат болғанын қалайтын ата-ана аз болғанмен, жоқ емес. Акробатика – қазір спорттың кең тараған бір түрі. Қазақстанда спорттық акробатика 1933 жылдан бастап таныла бастады. Тұңғыш чемпионат 1949 жылы өткізілді. Бұл спорт түріне баланы 5-6 жастан бастап берген дұрыс. Өйткені, 10-12 жастан кейін иілу секілді жаттығулар жасау балаға ауырлау соғады.
Елімізде көркем гимнастика спортының да болашағы зор. Қарқынды дамып келеді. Балаңыздың спортпен қатар, музыкаға да қызығушылығы болса, осы спорт түрінің үйірмесіне қатыстырсаңыз болады. Бірақ, ол үшін бала 5-6 жасынан бастап үйірме табалдырығын аттаған дұрыс. Сонымен қатар, шығыс спорты түрлеріне қатысу үшін де баланы ерте жастан спорт үйірмелеріне беру керек.
Қысқы спорт түрлерінен баланы мәнерлеп сырғанауға ертерек беру керек. Яғни, 6 жастан кешіктірмеген жөн. Биатлонға 9 жастан кейін қатыстырған дұрысырақ. Ал тау-шаңғы спорты түрлерін үйренуге 3-6 жастан бастап баули берген жөн. Хоккей де – әлемдегі танымал спорт түрінің бірі. Денсаулыққа қауіпті емес деп те айта алмайсың. Десе де бұл спорт түрінің алғышарттарын жас шәкірттің 5-6 жасынан бастағаны абзал. Суда жүзу спортының үйірмелеріне балаңызды 7 жасқа дейін де, 7 жастан кейін де қатыстырсаңыз болады. Бірақ, балаңыздың қауіпсіздігіне баса мән беріңіз. Алғашқы жаттығу күндері жанында болғаныңыз да дұрысырақ. Семсерлесу спортына балаңыз қызықса, 9-11 жас кеш емес. Ал теннис үйірмесіне ерте қатыстыру керек. 5 жасынан бастап қатыстырсаңыз, нағыз шебер болып қалыптасуына жол ашылады. Жас жеткіншектердің көбі кішкентайында велосипедке қызығады. Балаңыздың велоспортпен кәсіби түрде айналысуын қаласаңыз, спорт үйірмесіне 7-12 жас аралығында апарсаңыз болады. Елімізде ауыр атлетика мен жеңіл атлетика спорты да танымал. Жас жеткіншектерге бұл спорт түрлерімен 10 жастан кейін айналыса бастаса болады. Тіпті, 15 жас та кеш емес. Футбол, волейбол және баскетбол секілді спорт түрлерінің үйірмелеріне баланы 7 жастан кейін қатыстыра берсеңіз болады. Одан кейінгі уақыт та кеш саналмайды. Қазақстанда бокспен айналысатын жас таланттар жетерлік. Спорт үйірмелерінің саны да аз емес. Негізінен бокспен шұғылдану 16-17 жасқа дейін кеш саналмайды. Ал әліппесін 10-12 жастан бастаған дұрыс. Иә, ата-аналар үшін баланы неше жасынан бастап спорт үйірмелеріне апаруы керек екенін біле жүрген дұрыс. Бірақ, одан бұрын да ескере кететін жайттар бар. Яғни, балаңыздың денсаулығын тексеруден өткізіп алыңыз. Мысалы, басы мен жұлыны ауыратын балаларға жеңіл атлетика, тау-шаңғы спорты түрлері мен тенниске қатысуға болмайды. Керісінше, жүзу, крикет және семсерлесуге қатысқаны денсаулығына пайдалы. Бұл тақырып туралы алдағы ақпараттарымызда жазатын боламыз.
Дереккөз: Massaget.kz сайты.
28 наурыз 2018 ж. 1 540 1

Гость Jeahulalf от 26 ақпан 2019 19:03
Online No Prescrption Pharmacy Purchasing Trazodone Acheter Sildenafil 10 Mg extra super levitra O