№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Кәсіпкерлікті қолдаудың шарапаты диқандарға тиді

Кәсіпкерлікті қолдаудың шарапаты диқандарға тиді

Елбасының биылғы Жолдауындағы басым бағыттың бірі – шағын және орта кәсіпкерлікті дамытып, тұрғындарды жұмыспен қамту. Бұл бағытта кәсіп бастауға ниетті азаматтарға мемлекет тарапынан қолдау көп. Мәселен, биыл «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қызылорда облыстық филиалы мен Жайылма ауылдық округі әкімі тығыз қарым-қатынас орнатып, елді мекенде кәсіпкерліктің көркеюіне жағдай жасады. Яғни, егін-жай орналастыру мақсатында қолға алынған шаралардың негізінде 11 кәсіпкер 6 пайыздық несиелік мөлшермен 17,3 мил.теңге алып, бақша өнімдерін егуді бастады. Осындай іргелі істі бастаған шаруалардың жұмысын білмекке жолға шықтық. 
Жол серік ауылдық округ әкімдігінің бас маманы Икрам Абуов шаруалардың еңбегі жайлы құлақ-қағыс етті.
– Жайылма қарбызымен танымал ауыл. Енді жыл өткен сайын бақша дақылдарын ерте пісірудің әдісін дамытуды жолға қойдық. Оның тиімді әдісі – көшеттеп егу. Оңтүстік өңірден келген тәжірибені үшінші жыл қолдандық. Нәтижесі жаман емес. Бұйыртса жақын арада жүк көліктеріне тиеп, өңір-өңірлерге жөнелтетін боламыз, – деді жауапты маман.
– Бүгінгі бағытымыз қандай болмақ?
– «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қызылорда облыстық филиалы арқылы 11 тұрғын несиесі алып, 52 гектар жерді игеруде.  Сондықтан, бағытымыз несие алып, ісін ілгерілетіп отырған Самат Оспанов деген ауыл тұрғынының еңбегімен танысу, – деді.
Сонымен, жүйіткіген көлікпен егіс басына да келдік. Алдымыздан диқан күтіп алып, жол бастады.
– Еңбек қалай болып жатыр?
– Шүкір, қарбыздардың түйнегі жақсы. 5-10 күнде экспорттаймыз. Біз көбіне Челябинск қаласына жөнелтеміз. Ол жақта біздің өнімге деген сұраныс өте жоғары, – деп әңгімесін Самат Құдайбергенұлы.
Көшеттеп отырғызудың қыр-сырын меңгерген диқаншы 1 мил.теңге алып, үш гектар жерге пленкалап егуді бастаған. Сондықтан, пленка арқылы еккен.
– Жалпы, біз негізі көшетті Түркістаннан алып келеміз. Наурыздың басынан жердің бетіне пленка тартып тастадық. Мұның ерекшелігі, өсімдіктің айналасына арамшөп шықпайды, ылғал жақсы сақталады. Бұрын бақша суарған соң үш күннен кейін арық кеуіп кетіп, қайта суаруды қажет ететін. Пленка технологиясы бойынша ылғал 15 күнге дейін жақсы сақталады. Қытайда жасалған пленканың жарамдылық мерзімі – бір маусым. Ала жаздай күнге күйіп, үгітіліп, өздігінен жоғалып кететіндіктен қоршаған ортаға зияны жоқ, – дейді шаруа. 
Жыл сайын гектарына 70 тоннаға жуық өнім алатын ауылдықтар ендігі меже 80 тоннаға жеткізу дейді.
– Шыны керек, бала кезімізден еңбекке араласып, диқаншылық өнердің қыр-сырын меңгердім. Сондықтан, несібемді осы саладан таптым. Науқандық жұмыс болғанына қарамастан ерінбеген адам табыс табуға мүмкіндік мол, – дейді Самат Оспанов.
Мемлекет отандық өнім өндірушілерге қолдау көрсетіп, бизнес үшін қолайлы жағдай жасауда. Оның айқын көрінісі бүгінгі жайылмалық диқандардың еңбегінен көруге болады. Енді жаһандық нарыққа шығатын, бәсекеге қабілетті өнім шығаруда дала еңбеккерлеріне қойылатын талап – сапалы өнімнің өрісін кеңейту...
Әли ТЕМІРБЕК.
23 маусым 2018 ж. 944 0