№68 (8982) 8

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » ҚАЗАҚСТАН ӘЛЕМНІҢ ҮЗДІК ЕЛДЕРІ РЕЙТИНГІНДЕ БІР САТЫ ЖОҒАРЫЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАН ӘЛЕМНІҢ ҮЗДІК ЕЛДЕРІ РЕЙТИНГІНДЕ БІР САТЫ ЖОҒАРЫЛАДЫ


АҚШ-тың танымал US News & World Report басылымы әлемнің үздік елдері рейтингін жаңартты. Бұл тізімде Қазақстан бір саты жоғарылап, 70-ші орынға жайғасты.

Әлемнің ең үздік елдері рейтингі 9 өлшем (критерий) бойынша түзілген. Әр елдің туристік дамуы, әлеуметтік ортасы, мәдениеті, инновациясы, экономикалық өсуі мен құлдырауы, өмір сүру деңгейі, кәсіп саласының алға жылжуы, әлемдік аренадағы беделі мен тарихи мұрасы басты назарға алына отырып бағаланған. Басылым түзген рейтингке әлемнің 80 елі енген. Көш басында Швейцария тұр. Екінші орында – Канада, үштікті Германия түйіндеп тұр. Сербия (78), Ангола (79) мен Алжир (80) көш соңына орналасқан. Орталық Азияда Қазақстаннан өзге елдер бұл рейтингке енбеген. Басылым ақпаратында әр елге арнайы тоқталып, мағлұмат бере кеткен. "Қазақстан Орталық Азияда орналасқан әлемдегі ең үлкен елдердің бірі. Теңізге тікелей шыға алмайды. Табиғи байлығы мол." - деп жазады. Сонымен қатар, еліміздің уран өндірісінен әлемде алғашқы орында екені айтылады. БҰҰ мен ЕҚЫҰ секілді ірі халықаралық ұйымдарға мүше екенін де атап өткен.

Дереккөз: мassaget.kz сайты.
25 қаңтар 2018 ж. 1 602 0