№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қазақстан мен АҚШ қарым-қатынасын нығайтуға қос ел мүдделі – сарапшы

Қазақстан мен АҚШ қарым-қатынасын нығайтуға қос ел мүдделі – сарапшы


Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы Әділ Қаукенов Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа ресми сапармен баруы қос елдің қарым-қатынасына қалай әсер ететінін айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Мемлекет басшысының алдағы АҚШ-қа сапарына қатысты пікірімді білдірейін. Қазақстанның сыртқы саясатында АҚШ-пен байланыс орнату маңызды. Себебі, Америка Құрама Штаттары бүгінде әлемдегі ғылым және білім беру саласында әлеуеті жоғары, әрі әскери-саяси және экономикалық держава болып саналады», - деді ол.
Осы орайда Әділ Қаукенов АҚШ-тың да Қазақстанға қызығушылық танытатынын жеткізді.
«Біріншіден, еліміз – Орталық Азия және Каспий маңы аумағында орналасқан Кеңес үкіметінің құрамында болған мемлекеттердің бірі. Сондай-ақ Орталық Азия елдері Ауғанстанмен шектеседі. Ал Вашингтонның бұл аумақта өзінің ұзақ мерзімді мүдделері бар. Яғни терроризммен күресу және әскери операциялар жүргізуге байланысты», - деді сарапшы.
Сонымен қатар, еліміздің БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы ретінде қандай мәселерді шешуге ат салысатынына қатысты пікірін білдірді.
«Қазіргі таңда Қазақстан – БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі. Ал 2018 жылдың қаңтар айынан бастап, еліміз аталған кеңестің төрағасы болып сайланды. Сонымен қатар БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі тұрақты емес мүшесі бола отырып, Талибан бойынша Санкциялық комитетті басқарады. Осылайша, Қазақстан Ауғанстандағы жағдайдың тұрақталуы мәселелерін талқыға салмақ. Сондықтан Дональд Трамп Нұрсұлтан Назарбаевты АҚШ-қа ресми сапармен келуге шақырды», - деді Әділ Қаукенов.
Сондай-ақ, сарапшы қос мемлекет бір-бірімен өзара байланысты күшейтуге жауапты екенін хабарлады.
«Қазақстан-АҚШ қарым-қатынасын нығайтуға қос ел де мүдделі. Қазақстан үшін әлемдегі алдыңғы қатарлы мемлекеттің ресурсына кедергісіз қол жеткізу маңызды. Яғни, қазақстандықтардың виза алу рәсімінен бастап, жоғары технология саласына инвестиция тартуға дейін. АҚШ үшін Орталық Азия өңіріндегі мемлекетпен достық қарым-қатынас орнату, терроризммен күресуге және Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру сынды мәселелерді шешуге жаңа мүмкіндіктер береді», - деп түйіндеді сөзін Әділ Қаукенов.
Дәурен ЕРБОЛАТ
15 қаңтар 2018 ж. 1 163 0