№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Президент Салық кодексіне енгізілген түзетулерге қол қойды

Президент Салық кодексіне енгізілген түзетулерге қол қойды



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Салық кодексіне енгізілген түзетулер бөлшек салық бойынша арнайы салық режимін қалпына келтіруді, режимді 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолдануды ұсынуды көздейді. Естеріңізге сала кетейік, бөлшек салық бойынша арнаулы салық режиміне қатысты: қызмет түрлерін қоғамдық тамақтану саласы ғана емес, Үкімет қаулысымен айқындалатын тізбесімен кеңейту; салық мөлшерлемесін 6%-дан 4%-ға дейін төмендету; мәслихаттарға мөлшерлеменің 50 пайызға, яғни 4 пайыздан 2 пайызға дейін төмендету құқығын беру; заңды тұлғаларға тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан және қызметтер көрсетуден түскен кірістер бойынша 8% деңгейінде мөлшерлеме белгілеу ескерілген. Сонымен қатар, өзгерістер банктер мен МҚҰ-ның стресстік активтеріне әсер етеді.
23 наурыз 2023 ж. 291 0