№3 (8917) 13

13 қаңтар 2026 ж.

№2 (8916) 10

10 қаңтар 2026 ж.

№1 (8915) 6

06 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » 2026 жылғы жаңа Салық кодексі: Қаңтар айындағы маңызды мерзімдер мен өзгерістер

2026 жылғы жаңа Салық кодексі: Қаңтар айындағы маңызды мерзімдер мен өзгерістер


2026 жылдың қаңтары Қазақстанның бизнес қауымдастығы үшін ерекше сынақпен басталды. Елімізде жаңартылған Салық кодексі күшіне енгенімен, кәсіпкерлер өткен жылдың "салықтық құйрықтарын" реттеуі тиіс. 
Алматы қалалық Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілерге шұғыл хабарлама жасап, қаңтар айындағы ең критикалық күндерді белгіледі. Бұл туралы , Zaman.kz сайтына сілтеме жасап Sagan.kz хабарлайды

Бүгін, 15 қаңтар — алғашқы маңызды мерзім.
 Акциз төлеушілер үшін бүгін 400.00 және 421.00 нысандары бойынша декларация мен есеп айырысу құжаттарын өткізудің соңғы мүмкіндігі. Бұл 2025 жылдың қараша айындағы құрылымдық бөлімшелер мен нысандардың қызметіне қатысты есептілік. Бүгін кешкі сағат 24:00-ге дейін үлгермегендер әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
Алайда, дем алуға әлі ерте. 20 қаңтарға дейін Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерімен сауда-саттық жасайтын кәсіпкерлерге үлкен жүктеме түседі. Осы күнге дейін 328.00-нысанын, яғни тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті тапсыру қажет. Бұған қоса, дәл осы 20 қаңтарға дейін өткен желтоқсан айындағы импорт бойынша ҚҚС пен акцизді толық төлеу міндетті.
Биылғы қаңтардың ең ауыр салықтық күні — 26 қаңтар. 25-ші жұлдыз демалысқа сәйкес келгендіктен, негізгі төлемдер мерзімі дүйсенбіге ауыстырылды. Бұл күні бизнес иелері 2026 жылдың алғашқы айы үшін КТС аванстық төлемдерін аударып, 2025 жылдың желтоқсанындағы барлық «жалақы салықтарын» жабуы тиіс. Оның ішінде жеке табыс салығы (ЖТС), әлеуметтік салық, міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), әлеуметтік аударымдар және МӘМС төлемдері бар. Сондай-ақ жер учаскелерін пайдаланғаны және сыртқы жарнама үшін де ағымдағы төлемдер осы мерзімде өтелуі шарт.
Жаңа Салық кодексінің енгізілуіне байланысты мемлекеттік кірістер органдары төлем реквизиттері мен есеп беру формаларын мұқият тексеруді сұрайды. Sadaq.kz сарапшылары кәсіпкерлерге «Салық төлеушінің кабинеті» арқылы техникалық іркілістердің алдын алу үшін құжаттарды соңғы сағатқа қалдырмауға кеңес береді.
15 қаңтар 2026 ж. 67 0