№26 (8940) 11

11 сәуір 2026 ж.

№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » «QAISAR» әскери-патриоттық жобасы аясында жастармен кездесу

«QAISAR» әскери-патриоттық жобасы аясында жастармен кездесу



«AMANAT» партиясы Жаңақорған аудандық филиалына қарасты «ЖАЛЫН» бастауыш партия ұйымында жастардың бойында отансүйгіштік рухты қалыптастыру, азаматтық жауапкершілікті арттыру және әскери-патриоттық тәрбие беру мақсатында «QAISAR» әскери-патриоттық жобасы аясында жастармен кездесу ұйымдастырылады. «ЖАЛЫН» бастауыш партия ұйымының төрағасы Мампаев Алмат Құрбанайұлы жиынды ашып жүргізді.

Кездесу барысында қатысушыларға жобаның негізгі бағыттары таныстырылып, әскери қызметтің маңызы, Отан алдындағы борыш, тәртіп пен жауапкершілік, ерлік пен батылдық құндылықтары жөнінде мазмұнды әңгіме өрбиді. Сондай-ақ, жастарға рухани-адамгершілік тәрбие беру, салауатты өмір салтын насихаттау және көшбасшылық қасиеттерді дамыту мәселелері қозғалады.

Іс-шара ашық диалог форматында өтіп, жастар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік алады. Кездесу жас буынның ел болашағына деген сенімін нығайтып, белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыруға ықпал етеді.

Кездесуге жастар, студенттер, әскери-патриоттық клуб мүшелері және белсенді жас азаматтар шақырылады.
05 ақпан 2026 ж. 1 830 0