Жайылма бастауыш партия ұйымы есеп берді
Бүгін, «Nur Otan» партиясы Жаңақорған аудандық филиалына қарасты «Жайылма» бастауыш партия ұйымында «ZOOM» бейнебайланыс жүйесі арқылы есеп беру-сайлау жиналысы өтіп, онда бастауыш партия ұйымының 2019-2020 жылдары атқарған жұмыстары туралы және алдағы кезеңге арналған міндеттер туралы айтылды.
Бастауыш партия ұйымдарының мақсаты өте жоғары. Себебі бастауыш партия ұйымдары тікелей халықпен бірге жұмыс жасайды. Партиялық жобаларын халыққа жеткізуші болып табылады.
Осы орайда «Nur Otan» партиясы Жаңақорған аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Балқожаев 2017 жылдан бастап 2021 жылға дейінгі «Жайылма» бастауыш партия ұйымының төрағасы Т.Зейдалиевқа өз алғысын білдірді.
Жиын барысында №195 мектеп гимназиясының директорыЖусипова Жанат Калкозовна «Жайылма» бастауыш партия ұйымының төрағасы болып сайланды. Қазіргі таңда «Жайылма» бастауыш партия ұйымында– 81 партия мүше бар. Оның 67 партия мүшесі жиынға қатысты. Жиында соңында бастауыш партия ұйымының алдағы міндеттері кеңінен талқыланып, «Nur Otan» партиясы Жаңақорған аудандық филиалының кезекті ХХVІ есеп беру-сайлау конференциясына делегаттар сайланды.