№80 (8993) 20

20 қазан 2026 ж.

№79 (8992) 17

17 қазан 2026 ж.

№78 (8991) 13

13 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » «АУЗЫМДА ӨЛЕҢ ДЕГЕН АЛМАСЫМ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

«АУЗЫМДА ӨЛЕҢ ДЕГЕН АЛМАСЫМ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ


«Алтын – 2026» мерекесі аясында ақын Құлан Алдабергенұлының туғанына 165 жыл толуына орай Манап Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Руханият» орталығында оқушылар арасында «Аузымда өлең деген алмасым» атты облыстық арнау айтушылар байқауы өтті.


Байқаудың мақсаты – ұлттық өнерді дәріптеу, жас дарындардың ақындық қабілетін шыңдау және арнау өнеріне қолдау көрсету.

Байқау қорытындысы бойынша:
- Бас жүлде – Қазалы ауданы, Лақалы ауылының қатысушысы Қасым Балнұр;
- І орын – Жаңақорған ауданы, Екпінді ауылының қатысушысы Оразхан Шапағат;
- ІІ орын – Сырдария ауданы, Ақжарма ауылының қатысушысы Арысбек Айхан;
- ІІІ орын – Шиелі ауданынан Кенжешов Азамат және Жаңақорған ауданынан Бөрібай Дарын.

Барлық қатысушыларға ақшалай сыйлықтар табысталды.

Ұлттық сөз өнерін ұлықтаған байқау жас таланттардың шығармашылық әлеуетін танытып, рухани құндылықтарды дәріптеуге үлес қосты.

Жеңімпаздар мен қатысушыларды құттықтаймыз! Өнерлеріңіз өрге жүзсін, шабыттарыңыз шалқи берсін!
23 қазан 2026 ж. 31 0