Бас жүлде Айжарқын Найманбайда!
Жақын арада Жаңақорған аудандық мәдениет және спорт бөлімінің қолдауымен, М.Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, журналист, ұстаз Т. Жүргеновтің 125 жылдығына орай «Темір нарком» атты шығарма жазушылар арасында облыстық байқау өткізілді.
Байқауға облыстан 7 үміткер қатысып, өз шығармаларын ұсынды. Қазылар алқасы, құрамында Сыздықов Әбілқайыр Әбілпаттаұлы – Жаңақорған ауданының мәдениет және спорт бөлімінің басшысы, айтыскер ақын, қазылар алқасының төрағасы, Үсейінова Баян Әлеудинқызы - «Жаңақорған тынысы» газетінің редакторы, журналист, қазылар алқасының мүшесі, Бұрханова Орынкүл Балтабайқызы - Қызылорда облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени продюсерлік орталығының бас режиссері, сценарист, қазылар алқасының мүшесі барлық шығармаларды сарапқа салып төмендегі нәтиже шығарды.
Бас жүлде - Айжарқын Найманбай (Жаңақорған ауданы), 1- орын Әйгерім Жаңабай (Қазалы ауданы, Лақалы ауылы), 2- орын Нұрдана Әлиева (Шиелі ауданы, Байсын ауылы), 3- орын Сәнімгүлшат Өмірзақова (Арал ауданы).
Байқауға қатысқан Жаңабай Аян (Қазалы ауданы), Гүлназ Нұрбайқызы (Арал ауданы), Бердалыұлы (Нұртуған. Сырдарья ауданы) алғыс хаттармен марапатталды.