№71 (8985) 19

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (8984) 15

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (8983) 12

12 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Міржақып Дулатұлының туғанына 140 жыл толуына орай "Оян,қазақ" атты "Міржақып оқулары" байқауы өткізілді.

Міржақып Дулатұлының туғанына 140 жыл толуына орай "Оян,қазақ" атты "Міржақып оқулары" байқауы өткізілді.


Жаңақорған аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен Әлем-ВООК жобасы аясында жазушы, ақын , драматург Міржақып Дулатұлының туғанына 140 жыл толуына орай "Оян,қазақ" атты "Міржақып оқулары" байқауы өткізілді.
Байқау барысында Жаңақорған кентіндегі барлық мемлекеттік мектеп пен жеке мектептерден 15 оқушы бақ сынады. Байқау қорытындысы бойынша І-дәрежелі дипломды №286 мектептің 8-сынып оқушысы Жамбыл Айару қанжығасына байлап, ІІ- дәрежелі дипломды №125 С.Сапарбеков ат. мектептің 8-сынып оқушысы Тұрғанбек Айару иеленді, ІІІ- дәрежелі дипломдарды №163 орта мектептің 7-сынып оқушысы Шарап Ақбілек пен Заңғар интеллектуалды мектебінің 8-сынып оқушысы Ералы Айғаным қол жеткізді.
Міржақып байқауында озып шыққан қатысушыларға алғыс айта отырып, жеңістерімен құттықтаймыз!
Мақсаты: Міржақып Дулатовтың өнегелі өмірін, ұлт азаттығы жолындағы күресін және рухани мұрасын насихаттау, жас ұрпақтың отаншылдық сезімін, ұлттық сана-сезімін ояту.
Байқау арқылы оқушыларды ұлт тарихын құрметтеуге, әдеби мұраны бағалауға, шығармашылық ізденіске баулу, тіл мәдениетін дамыту, ой еркіндігін қалыптастыру көзделеді.
17 қазан 2025 ж. 1 528 0