№80 (8993) 20

20 қазан 2026 ж.

№79 (8992) 17

17 қазан 2026 ж.

№78 (8991) 13

13 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » ЖЕҢІСКЕ ТОЛЫ САПАР, КӨҢІЛГЕ ЖЫЛУ СЫЙЛАҒАН ЖҮЗДЕСУ

ЖЕҢІСКЕ ТОЛЫ САПАР, КӨҢІЛГЕ ЖЫЛУ СЫЙЛАҒАН ЖҮЗДЕСУ


Кешегі күн Жаңақорғанға сапарымыз қос қуанышпен, ерекше әсермен есте қалды. Лақалы ауылының жас өнерпаздары Қасым Балнұр мен Мадияр Жеткербайды екі облыстық байқауға жетекшілік жасап апарып, екеуінің де БАС ЖҮЛДЕ иеленуін — үлкен мәртебе санап, еңбегімнің жемісі деп қуандым.


Алайда бұл сапардың қуанышы жеңіспен ғана шектелмеді. Жаңақорғандық әріптестерімнің бізге көрсеткен айрықша құрметі, ақжарқын ықыласы мен шынайы жанашырлығы көңілімізді ерекше толқытты.

Қадірлі Жаңақорғандық әріптестерім!
Сіздерге шын жүректен алғыс айтамын! Бізді өздеріңіздей жақын қабылдап, жылы жүзбен қарсы алып, қолдан келген көмектеріңізді көрсетіп, әр сәтте қолдау танытқандарыңыз үшін ризашылығым шексіз. Қонақжайлықтарыңыз бен кең пейілдеріңіз, ауызбіршіліктеріңіз бен ұйымшылдықтарыңыз, бір-біріңізге деген сыйластықтарыңыз ерекше сүйсіндірді.

Осындай сәттерде әріптестіктің қадірі қызметтік байланыспен ғана өлшенбейтінін түсінесің. Шынайы құрмет — жүрекке жетеді, ақ ниет — көңілде қалады, адамдық жылулық — ұмытылмайды деп білемін. Бізге сыйлаған сол жылулықтарыңыз үшін мың алғыс!

Өнер жолындағы ортақ мақсатымыз — талантты жастарды қолдау, ұлттық руханиятты дәріптеу, жас ұрпақтың талабын шыңдау болса, осы жолда бір-бірімізге демеу болып, қуанышымызды бөлісіп, жетістігімізге бірге қуана білгенге ештеңе жетпейді деп ойлаймын.

Жаңақорғандық әріптестеріме зор денсаулық, отбасыларына амандық, еңбектеріне толағай табыс тілеймін! Берекелі бірліктеріңіз бен жарасымды ынтымақтарыңыз ортаймасын! Абыройларыңыз артып, мерейлеріңіз үстем болсын!
Ақ пейілдеріңізге мың алғыс, ардақты әріптестер! Жақсылықта жүздесіп, қуанышта қауыша берейік! 
		</div>	

		<div class=
23 қазан 2026 ж. 29 0