МЕЙІРГЕР - МЕЙІРІМ ШЫРАҒЫ

«Мейіргер - мейірім шырағы» атты мерекелік шара адам жанының арашасы болып жүрген ақ халатты абзал жандарға көрсетілген зор құрметтің көрінісіне айналды.
Адам өміріндегі ең қымбат құндылық – денсаулық болса, сол амандықтың күзетінде тәулікпен талмай еңбек ететін медицина қызметкерлерінің еңбегі қашанда ерекше. Олар тек маман иесі ғана емес, үміт сыйлайтын жан, жүрекке жылу беретін жанашыр, қиын сәтте демеу болатын мейірім иелері.
Шараға «AMANAT» партиясының аудандық филиалының төрағасы Арман Мажитов арнайы қатысып, денсаулық сақтау саласы қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады. Ол өз сөзінде медицина мамандарының қоғамдағы орны ерекше екенін атап өтіп, адам өміріне араша болып жүрген жандарға шынайы алғысын білдірді. Сондай-ақ, сала мамандарының қажырлы еңбегі мен халық алдындағы жауапкершілігі әрдайым жоғары бағаланатынын жеткізді.
Шара барысында денсаулық сақтау саласында аянбай еңбек етіп жүрген қызметкерлерге құрмет көрсетіліп, олардың адам өмірін сақтаудағы өлшеусіз еңбегі ерекше аталып өтті. Әрбір ақ халаттың артында үлкен жауапкершілік, төзім мен жанкештілік жатқанын сезінген көпшілік ақ тілегін арнады.
«Шипалы қол – мейірімді жүрек» — бұл жай ғана мерекелік кездесу емес, адам өміріне араша болып жүрген жандарға деген халықтың шынайы құрметі мен ризашылығының белгісі болды.
Ақ халатты абзал жандарға қандай құрмет көрсетсек те жарасады. Себебі олар – мың алғыстың иесі, үміттің шырағын сөндірмей жүрген жандар.
Сіздердің мейірімге толы жүректеріңіз бен шипалы қолдарыңыз талай жанға өмір сыйлай берсін!
#AMANAT




