2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

№72 (8985) 22

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (8985) 19

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (8984) 15

15 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » КІТАПХАНА – РУХАНИ БІРЕГЕЙЛІК ПЕН АҒАРТУШЫЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

КІТАПХАНА – РУХАНИ БІРЕГЕЙЛІК ПЕН АҒАРТУШЫЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ



«Руханият» орталығында кітаптың қадірін арттырып, оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған «Әділет» партиясы Жаңақорған аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Кітапхана – рухани бірегейлік пен ағартушылық орталығы» тақырыбында зияткерлік дөңгелек үстел өтті. Тағылымды басқосуда кітапхананың бүгінгі қоғамдағы орны, кітап оқу мәдениеті, ұлттық әдебиет пен тарихи мұраны дәріптеу, сондай-ақ цифрлық дәуірдегі кітапхананың жаңа мүмкіндіктері кеңінен сөз болды.
Шара барысында Адырбек Сопыбеков атындағы аудандық кітапхана директоры Әсемкүл Тілеубергенова сөз сөйлеп, кітапхана – тек кітап сақтайтын мекеме емес, оқырманның танымын кеңейтіп, ізденісіне жол ашатын, рухани дүниесін байытатын мәдени-ағартушылық орта екенін атап өтті. Сонымен қатар кітапхана жұмысының жаңа бағыттары, оқырмандармен байланыс, әдеби қорды толықтыру және жастардың кітапқа қызығушылығын арттыру бағытындағы жұмыстарға тоқталды.
Басқосуда «Әділет» партиясы аудандық филиалының консультанты Мақпал Ермаханова кітапхана қызметкерлерімен пікір алмасып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елдің білімін, мәдениеті мен руханиятын дамытуға бағытталған бастамаларына тоқталды. Ол кітап оқитын, білімге ұмтылатын ұрпақ қалыптастыруда кітапханалардың атқаратын рөлінің маңыздылығын атап, кітапхана мамандарына өз еңбектері үшін алғысын білдірді.
Ал «Жаңақорған тынысы» газетінің тілшісі Әсел Рзаева сөз алып, кітаптың адам өміріндегі айрықша орнына тоқталды. Ол кітапты адамның ой-өрісін кеңейтетін, сөз саптауын қалыптастыратын, дүниетанымын тереңдететін рухани қазына ретінде бағалап, бүгінгі ақпарат ағыны күшейген заманда кітап оқудың маңызы одан әрі арта түскенін жеткізді. Дөңгелек үстел барысында «Қазіргі жастардың кітап оқуға қызығушылығын қалай арттыруға болады?», «Кітапхана цифрлық дәуірге қалай бейімделуі керек?», «Кітапхана ұлттық құндылықтарды сақтауға қандай үлес қосады?» деген өзекті сауалдар төңірегінде пікір алмасылды.
Қатысушылар кітапхананың дәстүрлі қызметпен шектелмей, жастардың басын қосатын, кітап талқылайтын, пікір алмасатын, шығармашылық пен ізденіске жетелейтін зияткерлік ортаға айналуы қажеттігін атап өтті. Басқосу барысында жастарды кітапханаға тартудың жаңа тәсілдері, кітап клубтарын дамыту, заманауи әдебиеттерді насихаттау, әдеби кездесулер мен интеллектуалдық жобаларды көбейту жөнінде ұсыныстар айтылды. Өйткені кітапхана – өткеннің өнегесі мен бүгіннің білімін жалғайтын алтын көпір. Ал кітап – адамды ойлануға, ізденуге, өзін тануға жетелейтін сарқылмас рухани қазына.
Сондай-ақ, шара соңында қатысушылар назарына «Кітап – рухани қазына» атты кітап көрмесі ұсынылды. Көрмеден қазақ әдебиетінің жауһарлары, ұлт зиялыларының еңбектері, тарихи-танымдық шығармалар мен заманауи әдебиеттер орын алып, оқырман қауымға рухани азық болар құнды кітаптар таныстырылды.
Кітап көрмесі арқылы жас ұрпаққа ұлттық әдебиеттің мол мұрасын таныту, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру және оқырман мен кітап арасындағы байланысты нығайту көзделді. Өйткені кітапхана – рухани қазынаның ордасы, ал кітап – өткен мен бүгінді жалғайтын алтын көпір.
24 қыркүйек 2026 ж. 35 0