№72 (8985) 22

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (8985) 19

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (8984) 15

15 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » ТАЗАЛЫҚ – МӘДЕНИЕТТІҢ КӨРІНІСІ

ТАЗАЛЫҚ – МӘДЕНИЕТТІҢ КӨРІНІСІ


Тазалықты тек сыпырылған көше мен жиналған қоқыстың мөлшерімен өлшеуге болмайды. Тазалық – адамның мәдениеті, ортаға деген жауапкершілігі, туған жерге деген құрметі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» бастамасына қатысты: «Тазалық ең әуелі адамның сана-сезімінен басталуға тиіс», – деген болатын. Осы ұстаным Жаңақорғандағы күре жол бойындағы тазалық пен тәртіпке қатысты жұмыстардан да көрініс табуда.
Әр сенбі сайын аудан әкімі Жарқынбек Ғалымжан тиісті сала басшыларымен бірге «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автомобиль дәлізі бойындағы тазалық жұмыстарын аралап, жол бойындағы қызмет көрсету орындарының санитарлық жағдайын, сыртқы келбеті мен аумақтың абаттандырылуын зерделейді.
Өйткені аудан аумағы арқылы өтетін халықаралық күре жол – Жаңақорғанның сыртқы келбетінің бір бөлігі. Бұл жолмен өткен жолаушы ең алдымен жол бойындағы нысандарға, тазалыққа, қызмет көрсету сапасына назар аударады. Сондықтан әрбір кәсіпкердің өз нысанына ұқыпты қарауы – жеке жауапкершілік қана емес, ауданның абыройына қосылған үлес.
Аудан басшысы кәсіпкерлерге аумақты таза ұстау, келушілерге қолайлы жағдай жасау қажеттігін айтып, нақты тапсырмалар берді. Жақсы жаңалықтың бірі – күре жол бойында жаңа қызмет көрсету кешендері бой көтеріп келеді.
«Таза Қазақстан» – бір күндік сенбілік емес. Ол – күнделікті мәдениет, қалыптасқан әдет, ортақ жауапкершілік. Тазалық бар жерде тәртіп бар. Тәртіп бар жерде мәдениет бар. Ал мәдениеті қалыптасқан елдің келбеті де көркем. Жаңақорғанның көркі – оның табиғаты мен тарихында ғана емес, әрбір көшесі мен жолында, әрбір ғимараты мен қызмет көрсету орнында көрініс табуы тиіс.
Таза жол. Тәртіпті орта. Сапалы қызмет. Көрікті Жаңақорған.

                                                                                                                                     Әзия Қыстаубаева
                                                                                                                                     Құрмет орденінің иегері
24 қыркүйек 2026 ж. 27 0