№71 (8985) 19

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (8984) 15

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (8983) 12

12 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » ТАЗАЛЫҚ ПЕН ТӘРТІП – БАСТЫ НАЗАРДА

ТАЗАЛЫҚ ПЕН ТӘРТІП – БАСТЫ НАЗАРДА


Бүгін аудан әкімі Жарқынбек Ғалымжан тиісті сала басшыларымен бірге «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автомобиль дәлізі бойындағы тазалық жұмыстарының барысын аралап, бақылауға алды.

Аралау барысында жол бойындағы кәсіпкерлік нысандардың қызмет көрсету орындары мен санитарлық тазалығы, сыртқы келбеті және аумақтың абаттандырылуы зерделенді, қоршаған ортаның тазалығын сақтау бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Аудан әкімі кәсіпкерлерге ғимарат айналасын таза ұстап, келушілерге қолайлы жағдай жасаудың маңыздылығын атап өтті. Халықаралық маңызы бар автодәліз бойындағы қызмет көрсету сапасы мен нысандардың сыртқы келбеті ауданның абыройы мен туристік әлеуетіне тікелей әсер ететінін жеткізді.

Сондай-ақ, аудан басшысы күре жол бойында жаңадан салынып жатқан жол бойы қызмет көрсету кешендерінің құрылыс барысымен танысты.

Жеке кәсіпкер Рахат Бағдатұлы құны 200 млн теңге болатын асхана құрылысын жүргізуде. Нысанды 2027 жылы аяқтау жоспарланған. Кешен тәулігіне 200–300 адамға қызмет көрсетіп, 15 адамды тұрақты жұмыспен қамтиды деп күтілуде.

Сондай ақ, Сүттіқұдық ауылының тұсында да жол бойы қызмет көрсету кешені бой көтеруде. Жеке кәсіпкер Нұрлан Абибуллаұлы құны 120 млн теңгені құрайтын асхана және заманауи үлгідегі санитарлық тазалық бөлмелері қарастырылған кешен салуда. Нысанды ағымдағы жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарланған. Кешен тәулігіне 100–150 адамға қызмет көрсетіп, 10 адамды тұрақты жұмыспен қамтиды деп күтілуде.

Аудан әкімі кәсіпкерлерге жүргізіп жатқан жұмыстарына сәттілік тілеп, нысандардың сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқталуына тілектестік білдірді.

Айта кетейік, бүгінде Жаңақорған ауданы аумағындағы күре жол бойында 8 қызмет көрсету кешені орналасқан. Олардың барлығы жолаушыларға тиісті қызмет көрсетуде.

Тазалық пен тәртіпті сақтау, жол бойындағы сервистің сапасын арттыру – ауданның көркі мен абыройын айқындайтын маңызды бағыттардың бірі.
20 қыркүйек 2026 ж. 26 0