Құрылтай

№51 (8965) 9

09 шілде 2026 ж.

№50 (8964) 4

04 шілде 2026 ж.

№49 (8963) 30

30 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » ТАЗАЛЫҚ ПЕН ТӘРТІП – БЕРЕКЕЛІ ӨМІРДІҢ БАСТАУЫ

ТАЗАЛЫҚ ПЕН ТӘРТІП – БЕРЕКЕЛІ ӨМІРДІҢ БАСТАУЫ


Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Ғалымжан Жарқынбек және аудан прокуроры Бақытхан Бөлеулиевтің қатысуымен қоғамдық жауапкершілік пен тазалық мәдениетін қалыптастыру мәселелеріне арналған жиын өтті.


Басқосуға аудан әкімінің орынбасарлары, кент және ауылдық округ әкімдері қатысты.

Жиында аудан әкімі Ғалымжан Жарқынбек Конституцияның ел дамуы үшін тарихи маңызына тоқталып, оның заң үстемдігін нығайтуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, мемлекеттік басқарудың ашықтығы мен жауапкершілігін арттыруға бағытталғанын атап өтті.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әділетті Қазақстанды құруға бағытталған реформаларына кеңінен тоқталып, заңға құрмет көрсету, қоғамдық жауапкершілік пен құқықтық мәдениетті қалыптастыру әрбір азаматтың басты міндеті екенін жеткізді.
Аудан басшысы өз сөзінде қоғамдағы тазалық мәдениетін қалыптастыру да азаматтық жауапкершіліктің маңызды көрінісі екенін атап өтті. Елді мекендердің тазалығы мен абаттандырылуын сақтау, қоршаған ортаны ластамау, қоғамдық орындарды күтіп ұстау – әрбір тұрғынның ортақ міндеті екенін айтып, барлық аудан тұрғындарын туған жердің тазалығы мен көркеюіне белсенді атсалысуға шақырды. Ол таза әрі көрікті орта – заңға құрметтің, жоғары мәдениеттің және елге деген жанашырлықтың айқын белгісі екенін ерекше атап өтті.

Өз кезегінде аудан прокуроры Бақытхан Бөлеулиев қоғамдық тәртіпті сақтау, абаттандыру қағидаларын орындау және қоршаған ортаны қорғау талаптарының сақталуы әрбір азаматтың заң алдындағы міндеті екенін атап өтті. Сонымен қатар тазалық талаптарын бұзу фактілерінің алдын алу, заң талаптарын сақтау және қоғамдық жауапкершілікті күшейту бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасатынын айтты.
Сондай-ақ тазалық жұмыстарына көше комитетінің төрағаларын, тұрғындар мен жастар ұйымдарын, кәсіпкерлерді және қоғамдық ұйымдарды кеңінен тартудың маңыздылығы айтылды.

Жиын қорытындысында аудан басшысы қоғамдық жауапкершілік пен тазалық мәдениетін қалыптастыру – баршаға ортақ міндет екенін атап өтіп, барлық мекеме басшыларын, ауылдық округ әкімдерін және аудан тұрғындарын туған жердің тазалығы мен көркеюіне белсенді үлес қосуға шақырды.

Таза аудан – тәртіпті қоғамның айқын көрінісі. Тазалықты сақтау – әрбір азаматтың ортақ міндеті әрі азаматтық жауапкершілігі.
10 шілде 2026 ж. 22 0