№72 (8985) 22

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (8985) 19

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (8984) 15

15 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » ОТБАСЫ – ҚОҒАМНЫҢ АЛТЫН ДІҢГЕГІ

ОТБАСЫ – ҚОҒАМНЫҢ АЛТЫН ДІҢГЕГІ


«Руханият» орталығында «Отбасы – қоғамның алтын діңгегі» деген тақырыпта өткен конференцияға аудан әкімі Ғалымжан Жарқынбек, облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог маманы Бақтияр Есенгелдіұлы және ардагерлер , әйелдер кеңесі, ҮЕҰ бірлестіктері мен жастар өкілдері қатысты. Жиынды ашқан аудан әкімі Ғалымжан Жарқынбек алдымен қоғамдағы отбасының роліне тоқталды.

– Отбасы – қасиетті Отанымыздың бастауы, мемлекетіміздің ажырамас бөлігі, қоғамның берік діңгегі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Отбасы – ұлттың бірегей болмысын айқындайтын және мемлекет пен қоғамның тікелей дамуына ықпал ететін айрықша маңызды институт» деген болатын. Шын мәнінде болашақ тәрбиесі, келер ұрпақтың елге деген сүйіспеншілігі мен азаматтық жауапкершілігі ең алдымен отбасында қалыптасады. Биыл 1 шілдеде күшіне енген ҚР Конституциясында неке және отбасы, әке мен ана, бала мемлекет қорғауында болады деп көрсетілді. Осы бағытта біздің ауданымызда да атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Бірлігі бекем отбасы қоғамның тұтастығы мен татулығына негіз қалайды, – деді аудан әкімі. Ауданымызда 103 Батыр ана, 1039 алтын алқа, 2002 күміс алқа иелері бар. Жыл басынан бері 164 жас отау шаңырақ көтерсе, 942 бала дүниеге келген. Көп балалы отбасылар саны 4183-ті құрап отыр екен. Аудан басшысы жас отбасыларға әлеуметтік бағытта қолдаулар туралы да тоқталды. Мұнан әрі отбасы тәрбиесі тақырыбында Бахтияр Оспанов, Абибулла Үмбетов сөз сөйледі. Келесі кезекте ауданда арнайы сый құрметке лайықты танылған үлгілі отбасылар санатында жұбайлық ғұмырдың жарасымын жалғап, ұл-қызына абыройлы жол көрсетіп келе жатқан, отасқандарына елу және алпыс жыл болған, яғни алтын той және гауһар той иелері саналатын аға-апаларымызды дәріптеп ел алдына шығарып, әрқайсысына 100 мың теңгелік сертификат табыстады. Олардың қатарында ақын, ауданның құрметті азаматы Файзулла Сахиев және зайыбы, теміржол саласының ардагері Дариха Қадірова, еңбек ардагері Өндірбек Өмірбеков пен ардегерұстаз Перде Бегілікқызы, медицина саласының ардагері Төлтай Әнапия мен жары, ардагер-ұстаз Күлайна Сыздықова, жеке кәсіпкер Латуша Байсалов пен жары Гүлдана Байсалова, еңбек ардагері Тағайбек Әшімұлы мен жары Күлайша Әбдіқадырқызы бар. Қариялар құттықтауды қабыл алып, өздерінің ізгі тілектерін жеткізді. 

Баян ҮСЕЙІНОВА

22 қыркүйек 2026 ж. 70 0