Соңғы жаңалықтар

№9 (8923) 3

03 ақпан 2026 ж.

№8 (8922) 31

31 қаңтар 2026 ж.

№7 (8921) 27

27 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН ТАЛҚЫЛАУ БОЙЫНША АУДАНДЫҚ АКТИВ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН ТАЛҚЫЛАУ БОЙЫНША АУДАНДЫҚ АКТИВ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ


Бүгін аудан әкімі Мажит Самитовтың төрағалығымен жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған аудан активінің отырысы өтті.
Жиынға аудандық мәслихат төрағасы Ғалымжан Жарқынбек, аудан әкімінің орынбасарлары, мекеме, бөлім басшылары, ҮЕҰ, БАҚ, зиялы қауым өкілдері, мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, ардагерлер мен жастар қатысты.
Отырыс барысында аудан әкімі Мажит Самитов елімізде жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформалардың маңыздылығына тоқталып, жаңа конституциялық модель халық билігі, заң үстемдігі және билік тармақтарының тепе-теңдігі қағидаттарына негізделетінін атап өтті.
– Бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен еліміздің саяси жүйесін жаңғырту үдерісі қарқынды түрде жүзеге асырылуда. Осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі – Ата Заңымызға енгізіліп отырған өзгерістер. Жаңа Ата Заң жобасындағы бірқатар баптар мен бөлімдер еліміздің конституциялық моделін жаңғыртуға, саяси-қоғамдық институттарды жетілдіруге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған. Мемлекет басшысының бұл бастамасы ел тарихындағы маңызды әрі тағдырлы қадам болмақ.– деді аудан басшысы.
Сонымен қатар, актив отырысында аудандық мәслихат төрағасы Ғалымжан Жарқынбек сөз алып, жаңа Конституция жобасындағы Парламенттік реформаларға қатысты өзгерістерге тоқталды. Жаңақорған кенттік ардагерлер кеңесінің төрағасы Серқожа Ыдырысов жаңа Конституция жобасында билік тармақтарының міндеттері мен жауапкершілігі нақты айқындалғанын, сондай-ақ Вице-президент лауазымының енгізілуі елдің саяси жүйесіне тың жаңашылдық әкелетін маңызды қадам екенін атап өтті.
Ал, жастар ресурстық орталығының директоры Наурызбай Орынбасаров Конституция жобасында неке мен отбасы құндылықтарына ерекше мән берілгенін, бұл өзгерістердің жас отбасылар мен жастар үшін маңыздылығын жеткізді.
Актив отырысын қорытындылаған аудан әкімі Президент атап өткендей, тарихи құжаттың тағдырын халық референдум арқылы өзі шешетінін айтты.
- Президентіміз атап өткендей, бұл тарихи құжаттың тағдырын халық референдум арқылы өзі шешеді. Бұл – әрбір қазақстандықтың ел болашағына тікелей ықпал ететін сәті. Мұндай тарихи таңдау еліміздің ертеңі үшін аса маңызды. Осы арқылы біз бірлігімізді танытып, тәуелсіз Қазақстанның даму жолын айқындаймыз. Заң мен тәртіп үстемдік ететін саналы қоғам мен тұрақты мемлекет қалыптастыру – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз.– деді.

Жиын қорытындысы бойынша қатысушылар жаңа Конституция жобасын қолдайтындықтарын білдірді.
05 ақпан 2026 ж. 81 0