№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

№64 (8978) 25

25 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗДАР, АТА-АНАЛАР, ҚАДІРЛІ ОҚУШЫЛАР!

ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗДАР, АТА-АНАЛАР, ҚАДІРЛІ ОҚУШЫЛАР!


Баршаңызды бүгінгі Білім күнімен, жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!
Білім – ел дамуының басты тірегі, ал мектеп – жас ұрпақтың тұлғалық қалыптасып, болашаққа бағыт алатын қасиетті ордасы. Сондықтан әрбір оқу жылы – жаңа мақсаттар мен биік жетістіктерге бастайтын маңызды кезең.


Жаңа оқу жылы баршаңызға сәттілік, ізденіс, шығармашылық серпін және жарқын жетістіктер әкелсін!

Бүгін ауданымыздағы барлық білім беру ұйымдары жаңа оқу жылын зор қуанышпен қарсы алып, білім нәрімен сусындауға асыққан шәкірттерге есігін айқара ашуда. Әсіресе, мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндердің өміріндегі бұл күннің орны ерекше. Алғашқы қоңырау – олардың білім әлеміне жасаған алғашқы қадамы, үлкен арманға бастар ақ жолы.

Жаңа оқу жылында да ардақты ұстаздарымыз шәкірттерін білім биігіне жетелеп, олардың жан-жақты дамуына, бәсекеге қабілетті, отаншыл, Әділетті Қазақстанның туын биік ұстайтын тұлға ретінде қалыптасуына өз үлестерін қосады деп сенемін.

Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық және білім баспалдағын алғаш аттағалы отырған бүлдіршіндерге ақ жол тілеймін.

Мереке құтты болсын!
01 қыркүйек 2026 ж. 27 0