№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Адами капиталдың көрсеткіші – білімде

Адами капиталдың көрсеткіші – білімде


Бұл күн ерекше тебіреніс пен толғанысқа толы. Ұстаздар мен оқушылар үшін сәтті күн. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған өрендер үшін ұмытылмас сәт. Иә, сыңғырлаған алғашқы қоңырау үні – мектеп қабырғасынан шыққан әрбір жанның жүрегіне жақын. Жексенбінің тамылжыған таңында аудандағы барлық мектепте алғашқы қоңырау сыңғыр қақты. Білім күні аудан әкімі Сұлтан Мақашев таң алакеуіммен кенттегі №56 орта мектепке барды.


Білім ордасының ауласы айрықша кейіпке енген. Жүздері бал-бұл жанған оқушылардың көңіл-күйі көтеріңкі. Үш ай бойы жазғы демалысын ұтымды өткізген шәкірттердің жүзінен білім ізденуге деген айрықша лепті байқауға болады. Осындай мерейлі сәттің шымылдығын түрген аудан басшысы Сұлтан Ысқақұлы ақжарма лебізін жеткізді.
– Барша жиылған қауымды бүгінгі «Білім күнімен» құттықтаймын. Жаңа оқу жылы жаңалықтарға толы. Ең бастысы – адами капиталдың көрсеткіші – білімде. Білім саласына енгізілетін жаңашыл өзгерістерге бұл мектептің мүмкіндігі жеткілікті деп ойлаймын. Бұл дегеніміз – Елбасы Жолдауында айтылған адами капиталдың жаңғыру негізі болып табылады. Оған қоса оқушының бәсекеге қабілетті болып қалыптасуына зор мүмкіндік. Білімді ұрпақ – ел болашағы. Нарыққа бейімделген білімді жастарға қашанда мемлекеттік қолдау мол. Ұстаздар қауымы білім мен тәрбие сапасына баса маңыз беруі тиіс. Ұрпағымыз мыңды жығатын білімді болса, бәсекеге қабілетті озық елдің қатарынан табыламыз, – деді аудан әкімі.
Мұнан кейін мектептің өнерлі өрендері патриоттық бағыттағы әсерлі әннен шашу шашып, жиылғандарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Бірінші сыныпқа қабылданған оқушылар мектеп пен ұстаз жайлы тақпақтарын айтып, күміс қоңырауды сыңғырлатып, жиылғандар алдында жүріп өтті.
Ұстаздар мен ата-аналар алдына шыққан мектеп директоры Мұхтар Әбутәліпов 2019-2020 жаңа оқу жылында бағындырар белес пен алар асу бұдан да биік болады деген сенімін білдірді. Әрі биыл 1-сыныпқа 44 оқушы қабылданып, жалпы шәкірт саны 420-ға жеткенін тілге тиек етті. Ал оларға біліктілігі жоғары 57 мұғалім дәріс береді.
Айта кету керек, 2017 жылы құрылысы басталған бұл білім ордасы былтыр пайдалануға берілді. Бүгінде жаңа мектеп заманауи үлгіде жабдықталған, балалар толыққанды білім алатын ордаға айналды. Енді осы мектептен келешек ел игілігіне еңбек ететін біртуар азаматтар түлеп ұшатыны айқын.
«Біздің болашағымыз осы балалар ғой, сондықтан, олардың алаңсыз білім алуы үшін бар мүмкіндік жасауымыз керек. Міне, өткен жылы біздің Жаңауыл тұрғындары қанша жылдан бері күткен мектепке де қол жеткізді. Мемлекет қамқорлығына алғыс білдіреміз. Болашақ үшін жасалынып жатқан осындай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын таба берсін», – деді ата-аналар комитетінің төрағасы Азамат Әлиев.
Иә, XXI ғасыр – білім мен біліктің ғасыры. Мектеп табалдырығын енді ғана аттаған жас өрендер мен шәкірттер бар күш жігерін сапалы білім алуға жұмсайды.

Самат ОҢҒАР
03 қыркүйек 2019 ж. 1 535 0