№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Құшағын айқара ашқан білім ордасы.

Құшағын айқара ашқан білім ордасы.

Бүгін барлық білім ордалары есіктерін айқара ашып, мектеп табалдырығын енді ғана аттаған бүлдіршіндерді жылы шыраймен қарсы алатын күн. Осы орайда аудандағы №3 мектеп-интернаты да «Сыңғырла алғашқы қоңырау» салтанатты жиынын өз деңгейінде атап өтті. Тәлімді тәрбиесі мен сапалы білім беруінің арқасында бүгінде абыройы асқақтаған білім ордасының алдын ақ бантик тағып, мектеп формасын киген оқушылар сәнін келтірді.

Салтатанатты жиында сөз алған Ы. Алтынсарин атындағы «Құрмет» орденінің иегері, мектеп директоры Ләззат Машбекқызы енді ғана мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерге алдағы уақытта сапалы білім мен тәрбие алуға, еліміздің үлгілі азаматтары азаматтары болып қалыптасуға тілектестігін білдірумен қатар, былтырғы оқу жылының жетіктектерін де тілге тиек етті.
Мерекелік шара барысында аудандық білім бөлімінің бас инспекторы Мира Жандарбекова да сөз кезегін алып, оқушылар мен ата-аналарды,ұстаздарды жаңа оқу жылымен құттықтап, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Гүлнар Әлібековаға Білім және Ғылым министрінің «Құрмет» грамотасын табыстады.



Одан әрі көпшілік күткен алғашқы қоңырау соғу бағы 1 сынып оқушылары Анарбекқызы Айкөркем, Алмасбаев Болатбек пен 11 сынып түлектері Нартай Балнұр мен Қайнар Марленге бұйырды. Көңілге керемет күй сыйлаған әдемі кеш одан әрі мектеп оқушыларының концеттік бағдарламасына ұласты.

                                                                                                                                              Лаура БИБАСАРОВА 
01 қыркүйек 2019 ж. 1 030 0