№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » КӘСІБИ БІЛІКТІ КАДР

КӘСІБИ БІЛІКТІ КАДР


«Қазақстанда табысты жұмыс істеп келе жатқан нарықтық экономика моделі қалыптасты». Бұл – Е­лбасы Жолдауынан үзінді. Жолдауда Елбасы Нұрсұлтан Н­азарбаев елдің экономикалық беделін арттырудың тың тетігін ұсынып, жергілікті бюджетті басқаруға пәрмен берді. Президенттің тапсырмасына сәйкес, Жаңақорған ауданы халық тайқазанына түскен қаражатты игілікке бағыттау жұмысы қарқын алды.
Жаңақорған – облыста экономикалық ахуалы жоғары аудан. Оған жергілікті бюджетті дұрыс жоспарлай отырып, нақты мақсатқа қол жеткізуі себеп. Құнды құжатта айтылғандай, ауданның экономикасын көтере отырып, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуды нақты мақсат етіп қойып келеді. Жыл сайын аудан бюджетінің өсуі, халықтың тұрмыс-тіршілігі жақсаруы байқалады. Соңғы үш жылды сөз етсек, 2015 жылы ауданның бюджет қоры 17,1 пайызға өссе, 2016 жылы 12 млрд. 295 млн. 264,0 мың теңге құрады. Ал, биыл бес айдың қортындысында, 14 млрд. 834 млн. 934,2 мың теңгені көрсетті. Өткен жылмен салыстырғанда бюджет бүйірі 2 млрд. 539 млн. 670,2 мың теңгеге артқан.
Міне, осы сандардан ауданның экономикалық ахуалын бағамдай беруге болады. «Аудан бюджеті халықтың қазынасы» десек, осы салада өз еңбегін қосып жүрген мамандардың еңбегі ерен. Аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің сектор меңгерушісі Рүстем Ибрагимов осы саланың қыр-сырын ұққан білікті кадр. Еңбек жолын Байкенже ауылдық округінде есепші-бухгалтер қызметінен бастаған маман көп ұзамай басшылықтың назарына іліге бастаған. Оның қызметтегі жауапкершілігі, ортасымен сыйластығы, біліктілігі жоғары маман аудан орталығына қызметке шақырылуы да тегін емес-ті.
Аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі басшысының міндетін атқарушы Жамур Мүсілімов: «Рүстем Рәбілұлы біздің бөлімге қызметке келген күннен бастап, тиянақтылығымен көзге түскен кадр. Қазіргі жаңа бағдарламаларды, инновациялық технологияны меңгерген.
Қыруар қаражатты игеріп, сансыз есеп-қисапқа жүйрік болуы үшін ең алдымен төзімділік, ептілік қажет. Сектор меңгерушісі Рүстем Ибрагимов өзіне міндеттелген істі аяғына дейін жеткізу үшін уақытпен санаспай, түн ортасына дейін есеп-қисап пен іс-қағаздарды толтырады екен. Жар құлағы жастыққа тимей, еңбектенген күндері көп. Мұны ол өз міндеті санайды.
Жиырма жылдық еңбек өтілі еңбекқор маман қызмет барысында сөгіс алып көрмеген. Бұл санаулы мемлекеттік қызметкерде кездесетін құбылыс. Осыдан-ақ, оның қызметке адалдығын аңғару қиын емес.
Біздің «Мемлекеттік қызметші қандай болуы керек?» деген сауалымызға: «Ең бірінші адал, ниеті түзу, жан-жүрегімен елін, жерін ойлайтын, оның дамуына шын жаны ашитын, өзінің білім мен білігін аямай жұмсай білетін, қоғамшыл адам болуы керек», – деп түйді сөзін.
Елбасы бес институттық реформасын жүзеге асырауға арналған «100 нақты қадамның» 15 қадамында «кәсіби мемлекеттік аппарат құруды» міндеттеді. Бұл мемлекеттік қызметшінің білімі мен біліктілігі сәйкес қызметтік жоғарылауға мүмкіндік ашты. Халыққа қызмет етуді жүктеген қадам мемлекет қызметкерлерінің білім көкжиегін көрсетіп берді. Осы тұста, Рүстем Ибрагимов өзінің ізденімпаз қабілетімен сектор меңгеруші лауазымына көтерілген. Қызметтегі еңбегі еленіп, аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталған.
Оның отбасысын сөз еткенде: «Өмір өзені Ғалиядай адал жарды жолықтырды. Тәубе, үш ұл мен бір қыз тәрбиелеп, солардың болашағы үшін еңбек етудеміз. Ұрпағымның алдында абыройлы болу үшін арыма кір келтірмеуге тырысудамын», – деді Рүстем Рәбілұлы.

Түйін. «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» дегендей, ең алдымен адал қызмет, әділ шешім, қарапайымдылық және адамгершілік қасиеттер барлық мемлекеттік қызметшінің бойынан табылуы тиіс. Жеке мүддені емес, ең алдымен елдің мүддесін ойлаған азаматтың абройы асқақ, мақсаты айқын болмақ.

Мақпал Марқабай.
19 маусым 2018 ж. 916 0