№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 100 НАҚТЫ ҚАДАМ: СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ СЕРПІЛІСТЕР

100 НАҚТЫ ҚАДАМ: СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ СЕРПІЛІСТЕР

         «Қазақстар Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметіне кіруге, оны өткеруге, тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды ретттейді, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайын, материалдық қамтамасыз етілуі мен әлеуметтік қорғалу мәселелерін айқындайды.
         Қазіргі таңда заман талабына сай мемлекеттік қызмет жүйесі жетілдіріліп, мемлекеттік кадр саясатын қалыптастыру, халықтың мемлекеттік қызмет түрлеріне қолжетімділігін арттыру бағытында игі бастамалар жүзеге асырылуда. 
         Елімізде жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық реформалармен қатар жаңашыл нарықтық экономикаға сай кәсіби үкімет құрудағы іс шаралар мемлекеттік қызметшілерге қойылатын этикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарды күшейтуге, халықтың мемлекеттік аппаратқа деген шынайы сенімін арттыруға мүмкіндік береді. Айта кеткен жөн, елімізде осы бағытта атқарылып жатқан игі істер жетерлік. Оның нәтижелері қоғамды жаңа өзгерістерге бағыттауда. 
Елбасы Жолдауында «мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісі  мейлінше оңтайландыруға тиіс. Құжаттардың мерзімі мен тізбесін қысқартып, қайталанатын рәсімдерді жою керек. Бұл орайда адамның өзінің баруын қажетсінбейтін толық электронды форматқа көшіру керек» деген болатын. Мемлекет басшысының мұндай сындарлы саясаты еліміздің одан әрі өркендеуіне,  халқымыздың әл-ауқатының артуына, сыбайлас жемқорлық көріністері мен бюрократтық тосқауылдардың азаюына негіз болады. 
         Бүгінгі таңда қажеттілігі арта түскен ақпараттық технологияларды тиімді қолдану халыққа және бизнеске қызмет көрсету кезінде мемлекеттік органның функцияларының оңтайландыру мен автоматтандыруға, әкімшілік кедергілерді және халық пен бизнестің мемлекеттік органдармен тікелей байланысын азайтуға бағытталып отыр. Осыған орай мемлекеттік органдар көрсететін әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызмет түрлері электронды форматқа ауыстырылуда. Бұл жүйе азаматтардан түскен өтініштердің дер кезінде шешілуіне ықпал етеді.
Жоғарғы соттың және жергілікті соттардың сайытында «Сот құжаттарымен танысу» сервисі іске қосылаған. Аталған сервис сот өндірісінің жеделдігі мен қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының сайытындағы электронды сот құжаттарымен танысуға мүмкіндік береді. Сотқа жүгінген азамат талап арызы тіркелгені туралы толан алады, сонымен қатар арыз қай судьяның өндірісін қабылданғаны туралы және бірнеше күннен кейін оның ұялы телефонына оның арызы бойынша  сот құжаты шыққаны туралы хабарлама келед. Бұл ретте азаматтар сот құжатын алуға сотқа барып уақытын кетіріп, қаражатын шығындап, әуреге түспейді.
Азамат, оның өкілі немесе адвокат өзіне қолайлы кез келген уақытта үйінен, кеңсесінен шықпастан, интернет желісі арқылы сот құжаттарымен танысып шығып, істің қаралу деңгейін біліп, сот актісін қағазға басып шығара алады.
Сот жүйесінде қазіргі заманда технологияларды енгізу және қолдану сот ісін жүргізуді жеңілдетеді.
Сонымен қатар, сот жүйесінде «электронды сот төрелігі» ортақ түсінігімен біріктірілген, әртүрлі электронды ақпараттық қызметі белсенді қолданылуда. Олар соттардың қызметі туралы ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етеді, сонымен қатар сот ісі жүйесін автоматтандыруды жеделдетеді. Соттарда электронды технологияларды қолдану бірінші кезекте процеске қатысушы азаматтарға қолайлы жағдай туғызуға бағытталған. 
         Сондай-ақ, электронды сот ісін жүргізу сот актілерінің сапасын көтеру мен істерді қарау мерзімі жылдамадатады және сот төрелігінің қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ететін құрал болып табылады. Яғни бұның барлығы да сот жүйесіне деген сенімділікті арттырады.
         Осы жасалып жатқан игі істердің бәрі ел мүддесі үшін сот төрелігіне қолжетімділікті арттырумен қатар мемлекеттік қызметкердің кәсіби біліктілігін көтеруге бағытталған.
 Алма Оразбаева,
Жаңақорған аудандық сотының жетекші маманы.
13 маусым 2018 ж. 992 0