№7 (8921) 27

27 қаңтар 2026 ж.

№6 (8920) 24

24 қаңтар 2026 ж.

№5 (8919) 21

21 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Мұздағы қауіпсіздік шаралары

Мұздағы қауіпсіздік шаралары


Қыс мезгінде су айдындарында жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында Жаңақорған ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі азаматтарды қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Қыс мезгінде өзен, көл, канал және тоғандардағы мұз адамдар үшін үлкен қауіп төндіреді. Мұздың қалыңдығы біркелкі болмайды, ал сырттай берік көрінгенмен, кез келген сәтте ойылып кетуі мүмкін. Әсіресе баллар мен балық аулаушылар үшін қауіп жоғары. Қазірі таңда жерге тоң қатпаған, өзен каналдар жағасының опырылып құлау қаупі жоғары.

Мұздың қалыңдығы 7-10 сантиметр қалыңдықтағы мұз тек бір адамға, 12-15 сантиметр қалыңдықтағы мұз бірнеше адам үшін,               2025 сантиметр қалыңдықтағы мұз жеңіл авокөлікке үшін ғана қауіпсіз болып есептеледі.
Мұздың қалыңдығы осы көрсетілген мөлшерден аз болғанда су айдынына шығуға қатаң тыйым салынды.
 Қыс мезгілінде белгісіз немесе тексерілмеген мұзға шығуға, қараңғы уақытта су айдындарында жүруге, балаларды мұз үстінде қараусыз қалдыруға, алкогольдік ішімдік ішіп, мұзға шығуға қатаң тыйым салынады.;
Егер мұз жарылып, суға түсіп кеткен жағдайда үрейге берілмей, қолды мұз шетіне тіреп, денені көлденең  ұстау керек.  Аяқты сермеп, мұз үстіне жайлап шығып, тік тұрмай, еңбектеп немесе домалап қауіпсіз жерге шығу керек.  Жылы жерге барып, құрғақ кимі кию қажет.
Қыс мезгіліндегі су айдындарындағы қауіпсіздік- әр адамның жеке жауапкершілігі. Қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау арқылы адам өмірі мен денсаулығын қорғауға болады. Өз өміріңізге және жақындарыңыздың қауіпсіздігіне бейжай қарамаңыз.
       Егер, Сіз, жазатайым оқиғаның куәгері немесе өзіңіз қиын жағдайға душар болсаңыз «112» құтқару қызметіне дереу қоңырау шалыңыз. 

                                                                                                      Жаңақорған ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі
28 қаңтар 2026 ж. 61 0