Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қауіпсіздік ережелері

Қауіпсіздік ережелері

2023 жылдың қыс мезгілінде Жаңақорған ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Сырдария өзені мен Жаңақорған кентіндегі каналдарына және көлдеріне рейд жұмыстарын жүргізді.


Рейдтің мақсаты-су айдындарындағы жазатайым оқиғалардың алдын алу. Жыл сайын көптеген адамдар мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан қайғылы жағдайларға ұшырайды. Су айдындарында қайғылы жағдайлардың басты себептері: мұз үстінде балық аулауға шыққан балық аулаушылар, мұз үстінде ойнайтын балалар және мұз үстімен келесі жағалауға өтетін тұрғындар.

Ауданның су айдындарында мұз әлі толық қатқан жоқ. Бірақ мұның бәріне қарамастан, тұрғындар мен балықшылар жұқа мұзға шығып, өмірлеріне қауіп төндіруде.

Жаңақорған ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі, қыс мезгіліндегі төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында аудан тұрғындарына мұз үстінде жүру кезіндегі қауіпсіздік шараларын ұсынады:

- жұқа, қатпаған өзен, көл, канал, арықтар мен су қоймаларындағы мұз үстіне шықпаңыз;
- ұсынылған салмаққа мұз қалыңдығының сәйкес келуі, бір адам үшін қауіпсіз мұздың қалыңдығы 7 см кем болмауы керек;
- жаяу өткел үшін қауіпсіз мұздың қалыңдығы 15 см және одан артық болуы керек;
- автокөліктің өтуі үшін қауіпсіз мұздың қалыңдығы 30 см кем болмауы керек;
- мұз өткелдерінде аса сақ болыңыз, ескерту қалқандары мен хабарландыруларды мұқият оқып жүріңіз;
- мұзды аяғыңызбен жармаңыз;
- мұзы бар жағалау жанында балалардың ойнауына жол бермеңіз;
- судың температурасы 2-3°С кезде, адамның суда 5-10 минут болуы оның өмірі мен денсаулығы үшін аса қауіпті;
- жоғарыдағы қауіпсіздік шаралары жайлы балаларға үнемі ескертіңіздер.

Құрметті аудан тұрғындары мен ата-аналары және қонақтары! Жаңақорған ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі Сіздерден, апат, жазатайым оқиғаның куәгері немесе өзіңіз қиын жағдайға душар болсаңыз, «101» немесе «112» құтқару қызметіне дереу қоңырау шалуларыңызды сұрайды. Қоңыраулар кез-келген байланыс құралдары арқылы (телефон, ұялы телефон) тәулік бойы және тегін қабылданады. Қыс мезгілінде мұз үстінде жүру кезінде абай болыңыз! Өз өміріңізді қауіп-қатерге тікпеңіз!

Жаңақорған ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі

05 қаңтар 2023 ж. 389 0