Мұздағы қауіпсіздік ережесін сақтайық!

Қыс мезгілінде өзендер, көлдер мен каналдар сынды су айдындарының беті мұз қатып, адамдардың демалыс орынына айналатын белгілі. Мұз аязды үздіксіз күндер болғаннан кейін ғана қатаяды. Барлық адамдар су қоймаларындағы қауіпсіз жүріс-тұрыс қағидаларымен таныс болса да, олардың барлығы сақталмайды. Алайда, табиғи мұздың қауіпті тұстары көп.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, қыс мезгілінде су айдындарында қаза болған адамдар – балықшылар, үлкендердің қараусыз қалған балалар, сондай-ақ құтқарушылар кеңестерін елемей, қатпаған, берік емес мұзға шығатын адамдар болып табылады. Бір адам үшін мұздың қауіпсіз қалыңдығы-10 см құрайды, жаяу өткел жасау үшін мұздың қауіпсіз қалыңдығы-15 см және одан көп, автомобильдердің өтуі үшін мұздың қауіпсіз қалыңдығы - 30 см кем болмауы керек. Кешкі уақытта неме тұманды ауа райында мұз үстіне шығу өте қауіпті.
Су айдындарындағы қайғылы оқиғалар болмауы үшін, әрбір адам мұздағы, су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтау өзіңіздің және өзгелердің өмірін сақтаудың кепілі екендігін үнемі есте сақтаңыздар.
Егер, Сіз апат, жазатайым оқиғалардың куәсі немесе өзіңіз қиын жағдайға душар болсаңыз «112» құтқару қызметіне дереу қоңырау шалыңыз!
Жаңақорған ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі



