№3 (8917) 13

13 қаңтар 2026 ж.

№2 (8916) 10

10 қаңтар 2026 ж.

№1 (8915) 6

06 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Қыстағы қауіпсіздікке бейқам қарамайық

Қыстағы қауіпсіздікке бейқам қарамайық


Қыс айлары адамдардың қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан түрлі қайғылы жағдайлар орын алатыны рас. Азаматтар боран, бұрқасын, көктайғақ, және жауын-шашынның мол түсуі кезінде сақтық пен қауіпсіздік шараларын сақтаған жөн. Қыс айларында көп кездесетін төтенше жағдайлардың бірі су айдындарындағы қауіпсіздік. Қыс айларында су айдындарында мұз қатып, мұз үстінде балық аулау, келесі жағалауға өту және балалардың ойнауы салдарының соңы қайғылы жағдайға әкеледі.


Қазір аудан аумағында Сырдария өзенінде мұз қатпағанмен каналдар мен көлдерге мұз қатқан. Осыны ескерген тұрғындар көбіне ескі қайықтарды пайдаланып, балық аулауға шығады, әрі ішімдік ішіп қауіпсіздік ере­жесін сақтамайтыны бар. Сондықтан көлді жалға алушы жеке кәсіпкерлер тарапынан өз меншігіндегі су айдындарына бақы­лауды күшейтіу қажет, көл жағалауларына судан құтақару құралдары мен ескерту тақтайшалар орнатуы тиіс.
Жыл басында Қызылорда қаласы, Махамбет ауылының кәмелет жасына толмаған жасөспірім Шіркейлі каналының үстіне шығып, мұз ойылып, суға батып қаза тапты. Осы жағдайларды ескере отырып, қыс мезгілінде өзен, көл, каналдарда мұз қату кезеңінде көлік құралдар мен жаяу жүргіншілердің мұз үстімен жүруіне тыйым салынғандығын ескертеміз.
Еліміздегі адам өміріне қауіпті ке­леңсіз жағдайлардың бірі ауа райының қолайсыздығына қарамастан жолға шығу. Қазір көршілес облыстарда ауа райының қолайсыздығынан автожолдар бірнеше күндеп жабылып, автокөліктердің жүруіне шектеулер қойылуда. Қыс мезгілінің қыңыр тосын мінезінде әрбір адам өзін құтқаруға дайын болуы тиіс. Құтқару ережелерін, аман қалу жолдарын, өзін-өзі құтқару амалдарын барлық аңшылар, мал іздеушілер мен ұзақ жол жүрушілердің жадында жүргені артықтық етпейді.
Аудан көлемінде 2025 жылы 49 өрт, 82 өртке жатпайтын жану оқиғасы орын алды. Орын алған 49 өрт оқиғасының 28 тұрғын үйде, 11 автокөлікте, 8 нысандарда, 2 орман қоры жерінде тіркелді. Өрт оқиғасы салдарынан 4 тұрғын үй толығымен өртеніп кетті. Талдау негізінде өрттердің басым бөлігі тұрғын үйлерде болатынын көрсетеді. Бұл жалпы өрттің 57 пайызын құрап отыр. Тұрғындардың өрт қауіпсіздік ережелеріне селқос, немқұрайлы қарауы, өрттердің негізгі себептері болуда. Сондықтан тұрғындар назарынан жылу беру маусымы қарсаңында тұрмыстық пештерге маусымдық жөндеу жұмыстарын жүргізіп, тұрғын үйде өрт қауіпсіздігі ереже талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз.

Газ баллонына сақ болыңыз

Күнделікті тұрмыста көгілдір отын ре­тінде пайдаланып жүрген газ баллонның қауіптілігі туралы не білеміз? Оны дұрыс пайдаланбаған сәтте газ баллонының жа­рылу қаншама адамның өмірін жалмауы мүмкін екенін естен шығармаңыз. Қауіп­сіздік сақтау – ең басты ереже екенін ұмыт­паған абзал. Тұрмыстық газды дұрыс қолданбаудың салдарынан алапат өрт немесе жарылыстың пайда болуы мүмкін екендігін білеміз. Оның қауіп-қатері де орасан. Алайда күнделікті күйбең тіршілікте сақтық шарасын естен шығарамыз. Себебі, газ баллондарының жаралысының көбіне оны дұрыс қолданбағандықтан. Қазіргі таңда газ плиталарының, газ баллондардың техникалық жағайына техникалық қызмет көрсетпейміз.
2025 жылы ауданда 1 газ баллонның жарылуы орын алып, салдарынан 1 адам алған дене жарақатынан аудандық ауруханада қайтыс болған. Енді қысқаша пайдалану жолына тоқтала кетсек. Бұл затты жылы жерге кіргізбеңіз, оны жылу көздерінің жанына қоюға болмайды, себебі күрт кеңею салдарынан жаралыс пайда болады. Оны ауыстырмас бұрын, жаңа және пайдаланылған балондардың крандары жабық екеніне көз жеткізіңіз. Ауыстырғаннан жалғанған жерде газды шығып тұрмағандығына көз жеткізіңіз (сабын ертіндісін қолдану арқылы).
2025 жылы Жаңақорған кентінде тұрғын үйде газды жылыстауы (хлапок) орын алып, тұрғын үйдің қабырғалары жарылып, құлаған. Абырой болғанда үйде адам болмаған. Жылу беру маусымының алдында тұрғын үйлердегі газ пештер мен түтін құбырларын осы салада рұқсат бар мекемелермен тескеріліп, жарамдылығына көз жеткізу қажет. Егерде төтенше жағдайларға тап болсаңыз «112» нөмеріне телефон шалып тұрған жеріңді және қандай көмек қажеттігі жөнінде хабарлау қажет.

Төтенше жағдайлар бөлімі


13 қаңтар 2026 ж. 71 0