Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қыс айларындағы төтенше жағдайдың алдын алу

Қыс айларындағы төтенше жағдайдың алдын алу

 Қыс айлары адамдардың қауіпсіздік ережелірін сақтамау салдарынан түрлі қайғылы жағдайлар орын алып отырады. Азаматтар боран, бұрқасын, көктайғақ, және жауын-шашынның мол түсуі кезінде сақтақ шаралары мен  қауіпсіздік шараларн сақтаған жөн.
Бұл қауіпсіздік шараларының ең бастысы тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздігі ереже талаптары. Қазіргі таңда тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздігі жағдайы ауданымыздағы ең алаңдатарлық жағдай. 2020 жылдың осы уақытына дейін аудан көлемінде 49 өрт оқиғасы орын алса, оның 34 тұрғын үйдеорын алып отыр. Өрт оқиғасы салдарынан 5 тұрғын үй толығымен өртеніп кетсе, тұрғын үй ауласында құрылыстарында орын алған өрттердің салдарынан 4080 прес және 2 тіркеме бос шөп жойылып отыр.
Сараптама негізінде өрттердің басым бөлігі тұрғын үйлерде болатынын көрсетеді. Тұрғын үйлерде болатын өрттер жалпы  өрттің 70 пайызын құрап отыр. Тұрғындардың өрт қауіпсіздік ережелеріне сел-қос, немқұрайлы қарауы, өрттердің негізгі себептері болып отыр.           Тұрмыстық газ плитасында ас әзірлеу кезінде ұмытып бақылаусы қалдырыу,  жанып жатқан пешті, қосуыл тұрған электр жылытқыштарын бақылаусыз қалдыру,  электр желілерінің қысқаша тұйықталуы, балалардың отпен ойнауы, тұрмыстық пештің ақауы, ашық отты пайдаланудағы аңғалдық – өрттің шығуына бірден бір себеп болып отыр. Бұған мас, өзіне бақылау жасай алмайтын адамдарды қоссақ - бұлардың бәрі өртке, қайғылы оқиғаға апарып соғатын факторлар.
Сондықтан тұрғындар назарынан жылу беру маусымы қарсаңында тұрмыстық пештерге маусымдық жөндеу жұмыстарын жүргізіп, тұрғын үйде өрт қауіпсіздігі ереже  талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз.
        Қыс айларында көп кездесетін төтенше жағдайлардың бірі су айдындарындағы қауіпсіздік. Қыс айларында су айдындарында мұз қатып мұз үстінде балық аулау, мұз үсітмен келесі жағалауға өту және балалардың мұз үстінде ойнауы салдарының соңы қайғылы жағдайға әкеп соғады. 2020 жылы балық аулау кезінде қауіпсіздік ереже талаптарын сақтамау салдарынан ауданымызда  1 адам қайғылы жағдайға ұшырап отыр.
        Аудан аумағында қыс айларында күн суытып, өзен-көлдерге, каналдарға мұз қатады. Аудан аумағында кішкентай балалардың қыс айларында мұз үстінде коньки теуіп, шанамен сырғанап ойнау басталады. Су айдандарына жақын орналасқан елді мекендерге мұз үстінде балалардың ойнау қауіпті көзі болып отыр.
        Сонымен қатар қыс айларының өзіне бақылау жасай алмайтын адамдардың далаға көп жүруіне, немесе бақылаусыз қалмауын басты назарда ұстау қажет. 2020 жылы қыс айларында ауданның өзіне бақылау жасай аламатйны тұрғыны үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, әлі күнге дейін табылмай отыр.
        Заман талабына сәйкес аудан аумағындағы көлдер жеке шаруа қожалықтарына берілген. Пайдаланушы азаматтар осы көлдерден балық аулап, бала-шағаларының нәпақасын тауып жүрген жайы бар. Әсіресе қыс-көктем айларында балық аулау қауіпті. Әрдайым мұздың қалыңдығына, ауа-райының суық-жылылығына жете мән бермейміз. Азаматтардың суда, мұздағы қайғылы оқиғаларға ұшырауының тағы бір себебі, ақауы бар жүзу құралдарын, яғни ескі қайықтарды пайдалану. Сонымен қатар азаматтардың балық аулау барысында спирттік ішімдік ішіп қауіпсіздік ережесін сақтамауы салдары келеңсіз оқиғалар орын алуды. Көлді жалға алушы  жеке кәсіпкерлер тарапынан өз меншігіндегі су айдындарына бақлауды күшейтіу қажет, көл жағалауларына судан құртақу құралдары (құтқару шеңберін, құтқару белдешелері, арқан ) мен  ескерту тақтайшалар орнату қажет.
        Қыс айларында су айдындарында мұз үстімен өту кезінде облыс аумағында азаматтардың қайғылы жағдайға ұшырауы жыл санап артып келеді. Осы жағдайларды ескере отырып, қыс мезгілінде  өзен, көл, каналдарда мұз қату кезеңінде көлік құралдар мен жаяу жүргіншілердің мұз үстімен жүруіне тыйм саланыдандығын ескертеміз.
      Еліміздегі адам өміріне қауіпті келеңсіз жағдайлардың бірі ол ауа райының қолайсыздығына қарамастан жолға шығу. «Жаман айтпай жақсы жоқ» қыс мезгілінде табиғат адамға аяушылық жасамайды. Ол жеңілтектік, білімсіздікті қатты жазалайды. «Көк тайғақ» болған жағдайда  жарақат алу, үсік алу, адам өлімі,  адасу тағы да басқа осындай жағдайлар аудан аумағында жиілеуі мүмкін.  Қыс мезгілінің қыңыр тосын мінезінде әрбір адам өзін құтқаруға дайын болуы тиіс, құтқару ережелерін, аман қалу жолдарын, өзін-өзі құтқару амалдарын барлық аңшылар, мал іздеушілер мен ұзақ жол жүрушілердің жадында жүргені артықтық етпейді. Төмендегі қауіпсіздік талаптарын сақтаңыз, туыстарыңызға және достарыңызға айтып бөлісіңіз.
Бірінші кезекте қыс басталысымен автокөлігіңізді қысқы дөңгелектермен жабдықтаңыз. Жеке автокөлігіңізбен облыс аралық жолдарға яғни ұзақ жолға жалғыз шықпаңыз. Жолға шықпас бұрын автокөлігіңіздің техникалық жағдайына, жанармайының жеткілікті екендігіне көз жеткізіңіз. Азық-түлігіңізді жолға жеткілікті етіп алыңыз. Автокөлікте болуы қажет құралдар, қос алқы бөлшектер және  дәрі-дәрмектер қобдишасын (апт ечканы) тиісті мөлшерде толықтырыңыз.Жолға шықпас бұрын жақындарыңызды, туыстарыңызды жол жүру бағыты мен уақытын хабардар етіңіз. Автокөлікте ұялы телефоныңызды қуаттайтын құрылғы үнемі болуын қамтамасыз етіңіз. Жолға шықпас бұрын ұялы телефоныңызға келетін ауа-райының мәліметіне аса назар аударыңыз. Есіңізде жүрсін, туыстарыңызға және достарыңызға айтып бөлісіңіз.
 Аң аулауға немесе мал іздеуге шығатын болсаңыз:
Жолға шығар алдында ұялы телефоныңыздың қуаты толықтығына көз жеткізіңіз.
Қай жаққа, немен және қашан шығатыныңызды жақындарыңызға, туыстарыңызға, сіз баратын жақын адамдарға ескертіңіз. Межелі жерге жеткеннен кейін үйдегілерге хабар беріңіз, кешіккен жағдайда олар сізді іздеп құтқару шараларын ұйымдастыратыны сөзсіз. Жылы киініп, ыстық шәй немесе кофе құйылған термосты, қолшам болуын ескеріңіз. Қарлы боранда жолда қалып қойсаңыз үрейге бой алдырмаңыз; Автокөлікпен жолда қалсаңыз жылы оранып, жанармай үнемдеу үшін көлікті жиі жылытыңыз және автокөліктен жиі шығыңыз, себебі қозғалтқыштың жұмыс істеуі кезінде шығатын улы газ өте улы. Тәуліктің қараңғы уақытында және нашар көретін кезде (тұман, қар, жаңбыр) ешқандай жағдайда мұз бетіне шықпаңыз.
Жолы ұзақтылығына қарамастан өзеннен, көпірден өту өткелдерімен өтіңіз..
          Егерде төтенше жағдайларға тап болсаңыз «112» нөмеріне телефон шалып тұрған жеріңді және қандай көмек қажеттігі жөнінде хабарлау қажет. 
30 қазан 2020 ж. 741 0