№34 (8745) 30

30 сәуір 2024 ж.

№33 (8744) 27

27 сәуір 2024 ж.

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Қыз мезгіліндегі қауіпсіздік

Қыз мезгіліндегі қауіпсіздік

Аудан аумағында кішкентай балалардың қыс айларында мұз үстінде коньки теуіп, шанамен сырғанап ойнауы басталады. Олардың мұздағы қауіпсіздік ережелерін сақтамауы, қайғылы жағдайларға әкеп соғуда. Қыс айларында күн суытып, өзен-көлдерде мұз қату мерзімі жақындады. Жаңақорған кенті және ауылдық округтердегі өзендермен каналдарға жақын орналасқан елді мекендердегі жасөспірім балаларға қауіптің көзі болып отыр. Осыған орай ата-аналардың балаларды қараусыз қалдырмау қажет. Ата-аналар балалардың қайда, қай жерде ойнап жүргенініне әрдайым бақылауда ұстауы қажет.

Заман талабына сай аудан аумағындағы көлдер шаруа қожалықтарына берілген. Пайдаланушы азаматтар осы көлдерден балық аулап, бала-шағаларының нәпақасын тауып жүрген жайы бар. Әсіресе күз-қыс мезгілінде балық аулау қауіпті. Әрдайым мұздың қалыңдығына, ауа-райының суық-жылылығына жете мән бермейміз. Азаматтардың суда, мұздағы қайғылы оқиғаларға ұшырауының тағы бір себебі, ақауы бар жүзу құралдарын, яғни ескі қайықтарды пайдалану. Сонымен қатар азаматтардың балық аулау барысында спирттік ішімдік ішіп қауіпсіздік ережесін сақтамау салдарынан келеңсіз оқиғалар орын алуда. Көлдерді жалға алушы шаруа қожалық төрағалары өздерінің тиесілі су қоймасына, көлдерге суда құтқару құрал жабдықтарының ( қайық құтқару шеңберлері, құтқару белдешелері, арқан, құтқару сырықтары мен тақтайшалары) дайын тұруын қамтамасыз етуі қажет. Су айдындарында азаматтардың суда, мұзда балық аулау кезінде сақталуы тиіс қауіпсіздік ережелерінің орындалуын қатаң бақылауда ұстауы қажет.

Қыс айларында су айдындарындағы мұз үстімен өту кезінде аудан аумағында азаматтардың қайғылы жағдайға ұшырауы жыл санап артып келеді. Осы жағдайларды ескере отырып, қыс мезгілінде өзен, көл, каналдарда мұз қату кезеңінде қөлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің мұз үстімен жүруіне қатаң тйым салынатынын ескертеміз.

ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ. Төтенше жағдайлар орын алған жағдайда тез арада «101», «112» немесе «23-1-01» телефонына хабарласу керек.

Жаңақорған ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің

09 желтоқсан 2022 ж. 308 0