Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тосын мінезге тосқауыл керек

Тосын мінезге тосқауыл керек



Қыс айларында көп кездесетін төтенше жағдайлардың бірі су айдындарындағы қауіпсіздік. Қатқан мұз үстінде балық аулау, мұз үстімен келесі жағалауға өту мен балалардың ойнауы салдарының соңы да қайғылы жағдайға жеткізуде. 2020 жылы балық аулау кезінде қауіпсіздік ереже талаптарын сақтамау салдарынан бір тұрғын қаза тапса, биыл да осындай жағдайдың куәсі болдық.
– Қар түсіп, су бетіне мұз қатса ойын баласы коньки теуіп, шанамен сырғанауға шығады. Осы кезде сақ­тық шаралары ұмытылады. Аудан аумағындағы көлдер жеке шаруа қожалықтарына берілген. Пайдаланушы азаматтар осы көлдерден балық аулап, бала-шағаларының нәпақасын тауып жүрген жайы бар. Әсіресе қыс-көктем айларында балық аулау қауіпті. Әрдайым мұздың қалыңдығына, ауа-райының суық-жылылығына жіті мән бермейміз. Тағы бір себеп, ақауы бар жүзу құралдарын, яғни ескі қайықтарды пайдалану аса қауіпті. Азаматтардың балық аулау барысында спирттік ішімдік ішіп қауіпсіздік ережесін сақтамауының салдары сан соғып қалуға апарады. Көлді жалға алушы жеке кәсіпкерлер тарапынан өз меншігіндегі су айдын­дарына бақылауды күшейту, ескерту тақтайшалар орнату қажет, – деді төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Елжан Шегебаев.
Қыс айларында су айдындарында мұз үстімен өту кезінде облыс аумағында азаматтардың қайғылы жағдайға ұшырауы жыл санап артып келеді. Қанша жерден тыйым салса да, тұрғындар құлақ асар емес дейді мамандар.
Әли ТЕМІРБЕК
12 желтоқсан 2021 ж. 447 0