Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕНІҢ ОҢ ШЕШІМІ

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕНІҢ ОҢ ШЕШІМІ


Бүгінгі таңда еліміз бойынша жергілікті жерде Қоғамдық кеңес құрылып, қарқынды жұмыс атқаруда. Елбасының пәрменімен 2015 жылы 2 қарашада қабылданған «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына сай құрылған бұл кеңестің мақсаты – жергілікті атқарушы органдардың жұмысын жетілдіру және халық пен билік арасында дәнекер болу. Осы орайда, әкімдікте өткен аудандық қоғамдық кеңес отырысында халық көкейінде жүрген «Аудан тайқазанындағы қаражат қайда жұмсалуда?», «Кентішілік су құбырларына жауапты мердігер компаниялар жолды неге қалыпқа келтірмейді?», «Құрметті азаматы атағын беруде жаңа ережелер қандай болмақ?», «Мәдени-тарихи ескерткіштерді қорғаудың жайы қалай?» деген өзекті мәселенің түйіні тарқатылды.
Әуелі аудандық бюджеттің қыруар қаражаты қандай мақсатта жұмсалып жатқанын сөз еткен аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысының орынбасары Жамур Мүсілімов 2018 жылдың алғашқы 5 айының есебін берді. Сала басшысының сөзінше, биыл облыстан берілген трансферт 29899,0 мың теңгеге артқан. Осы қаражатты ауданның игілігіне бағыттап, әр салаға қомақты қаржы бөлінген. Оның ішінде, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтардың хал актілерін тіркеу бөліміне 161378,0 мың теңге, аудандық сәулет және құрылыс бөлімінің жұмыстарына 43141,0 мың теңге, аудандық ішкі саясат бөліміне 4489,0 теңге, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне 56662,0 теңге, аудандық білім бөліміне 35835,8 мың теңге, ветеринария бөліміне 3879,0 теңге, аудандық ауыл шаруашылығы бөліміне 1396,0 теңге, аудандық денешынықтыру және спорт бөліміне 683,0 мың теңге, кент әкімдігіне 33480,7 теңге қаралып, игерілгені белгілі болды. Аудандық бюджеттің бес айлық қортындысын сынға алған қоғамдық кеңес мүшелері сұрақтар қойып, жауабын тыңдады. Қойылған сұрақтың ішінде қоғамдық кеңес мүшесі Әзия Қыстаубаева: «Балабақша секілді мемлекеттік нысандардың сметалық құжатын әзірлеуге қаражатты бөлуде ескеретін жайттар бар. Сметалық құжат әзірленгенімен, кезегін күтіп қалуына байланысты құжат жарамсыз болып қалады. Осы себепті 10 милиондаған қаражат желге ұшуда. Осыны аудан әкімінің назарына салу керек секілді» деген пікірін жеткізді.
Қоғамдық кеңесте тарихи-мәдени мұраларды пайдалану мен қорғаудың жай-күйін сөз еткен аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Аягөз Айдосова аудан көлемінде 40 тарихи ескерткіш мемлекет қорғауына алынғанын айтты. Оның сөзінше, оның 5-і республикалық маңызы бар болса, біреуі ЮНЕСКО тізіміне енген. Қырық ескерткіштің 33-іне қорғау тақтасы қойылып, төлқұжаты әзірленген. Сондай-ақ, тарихи-мәдени ескерткіштерді насихаттау жұмыстары жүріп жатқанын сөз етті. Қоғамдық кеңесте осы мәселеге байланысты Сығанақ қаласы секілді тарихи маңызы зор Өзгент, Қылышты ата – Төлек атай секілді көненің көзін ЮНЕСКО тізіміне енгізуге жұмыс жасау керектігін алға тартты.
Қоғамдық кеңесте өзекті болған мәселенің бірі – кентішілік ауыз су құбырларын жүргізу салдарынан асфальт жолдың қайта қалпына келтірілмеуі сынға ұшырады. Аудандық маңыздағы автомобиль жолдарының жарты жылдықта атқарған жұмысы жайлы сөз еткен Есдәулет Сейілов ауыз су құбыры құрылысына жауапты мердігер компанияның жұмысын бақылау қажеттілігі туындап отырғанын айтты. Қоғамдық кеңес мүшелері арасынан «Неге қазылған көшелерді ізінше қалыпқа келтіруге болмайды?» деген сауал қойылды. Оған бөлім басшысы көшені толық қалпына келтіру жұмысы ауыз су беріліп болған соң ғана жөнделетінін айта келе, әрбір үйдің қорасына су тарту үшін әлі талай жол қазу жұмысы жүргізілетіндіктен жолды асфальттаудың қажеті жоқтығын түсіндірді. Қоғамдық кеңес осы жұмыстың халыққа тиімді тұсын көбейту үшін бақылау комиссиясын құру керектігін назарға алды.
Кеңес барысында ауданда көптен бері өзекті болып жүрген мәселенің түйіні тарқатылды. «Ауданның құрметтті азаматы» атағын беруде кейбір олқылықтар туралы аудандық төл газеттің бетінде жиі жарияланды. Әсіресе, ел ағасы Зинабдин Шермағамбетовтің «Шүлен таратуға ұқсап бара жатқан жоқ па?» атты мақаласында айтылған мәселе осы кеңесте де көтерілді. Қоғамдық пікір қалыптастырған мәселенінің түйінін тарқатып, «Ауданның құрметті азаматы» атағын берудің жаңа ережесін бекітуді қайта қолға алатынын жеткізген аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Айтбембет бұдан былай мұндай олқылыққа жол берілмейітінін, қатаң ережеге орай жұмыс жасалатынын сөз етті.
Аудан өміріндегі өзекті мәселелерді май шаммен қараған қоғамдық кеңесте көшеге есім беру туралы заңдылықтар да қаралды. Жалпы, кезектегі төрт мәселе мен кезектен тыс төрт мәселе де қоғамдық кеңестің қолдауына ие болды.

Мақпал МАРҚАБАЙ.
15 маусым 2018 ж. 1 095 0