№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Талқыға түскен мәселелер түйінделді

Талқыға түскен мәселелер түйінделді


Қоғамдық кеңестер елді демократияландыру, өзін-өзі басқаруда қозғаушы күшке ие. Сондықтан, қоғамдық институттардың белсенділігі дамуға дем береді. Осы тұрғыда, аудан әкімдігінің жанынан құрылған кеңестің күн тәртібінен маңызды мәселелер түскен емес. Жуырда әкімдіктің мәжіліс залында соған куә болдық. Бұл жолы алты мәселе қаралды. Олардың маңыздылығын кеңес төрағасы Сәулебек Ысқақов түсіндірді.
Сонымен, бірінші, коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары талқыланды. Мұны тұрғын үй-комуналдық шаруашылығы, жолау­­шылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Есдәулет Сейлов айтты.
– «Қалдықтарды нормалаудың Қазақстандық орталығы» ЖШС-мен №18 келісім шартқа сәйкес аудан бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, шығару және көму бойынша тарифтердi есептеу жұмыстарын жүргіздік. Себебі, бізде тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау мен шығару қызметтерін көрсететін тұрақты кәсіпорындар жоқ. Сондықтан, елдi мекендерiнде қалдықтарды көму полигондарына арналған жер телiмдерін рәсімдеп жатырмыз, – деді мекеме басшысы.
Белгілі болғандай, 2017 жылы айына адам басына шаққанда тұрғын үйлерден тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, шығару және көму мақсатында 65 теңге, шаруашылық жасаушы субъектілер-абоненттер үшін бір текше метріне 805,25 теңге, полигондағы коммуналдық қалдықтарды көмуге арналған қызмет құны бір текше метріне – 611,68 теңге қаралған. Осыған сәйкес, жиын барысында тарифтерді бекіту ұсынылды.
Келесі кезекте мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша жұмсалған шығындарын өтеу мөлшері мен тәртібі талқыланды. Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Абдіғанит Ахметов бұл жөнінде ұсынысын ортаға салды. Әрі, мекеме басшысы «Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» және биылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы мәселені де көтерді.
– Квота белгілеу мекемедегі қызметкер санына байланысты. Яғни, мекемеде қызмет ететіндердің саны 50-ден асса 2 пайыз, 100-ден асса 3-4 пайыз мүгедектерді қызметке орналастыруға болады. Сондай-ақ, жеке оңалту бағдарламасы бойынша екінші топтағы мүгедек жандар да жұмысқа тартыла алады, – деді салаға жауапты басшы. Әрі, «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарының тізбесін айқындау» туралы аудандық мәслихаттың шешіміне өзгерістер енгізу туралы ұсынысын жеткізді.
Одан кейін, «2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» аудан әкімдігінің қаулы жобасы ұсынылды. Оны аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысының орынбасары Жамур Мүслімов ортаға салды. Қаралған қаржы мөлшерімен танысқан қоғамдық кеңес мүшелері бюджетке өзгерістер енгізу керектігіне тоқталды. Кеңес мүшесі Алшынбай Тұртанов, Мәжит Балқожаев, Зинабдин Шермағанбетов осы мәселе төңірегінде айтар ойларын жеткізді. Сондай-ақ, күн тәртібіндегі бесінші мәселе бойынша қоғамдық кеңес мүшелері пікір білдіріп, кейбір ұсынылған міндеттемелерді құптады.
Соңғы мәселе «Жаңақорған аудандық мәслихат аппаратты мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту» жобасы қаралды. Жоба бойынша аудандық мәслихат аппаратының құқықтық жұмыстар бөлімшесінің басшысы Ербол Сүйіндіков айтты.

Әлібек ТЕМІРБЕК.
27 ақпан 2018 ж. 1 242 0