№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тұрғындар тілегі тыңдалды

Тұрғындар тілегі тыңдалды


Депутат атқарушы билік пен халық арасындағы алтын көпір. анығын айтқанда, халық тілегін билікке жеткізуші. Осы ретте, партияның қоғамдық қабылдауында аудандық мәслихат депутаттары халықпен кездесіп,түйткілді мәселелерді біліп, шешілу жолын билікке жеткізіп жүретіні бар. сондай кезекті қоғамдық қабылдауды мәслихат депутаты Әзия Қыстаубаева өткізді. Халықшыл депутатпен кездесуге келген тұрғындардың қатары көп болды. Тіпті, шалғай ауылдардан арнайы келгендер де аз емес.
Депутат алдына жеке мәселесімен келген, қиындық көрген Қуанышбек Мәуленов: – Бірінші топ мүгедегімін. Төрт балам бар. Әйелім жұмыссыз. Жалдамалы пәтерде тұрамын. Биылғы жылы берілетін бала жәрдемақысындағы өзгерістерге байланысты үй иесінің табысы қосып есептелетіндіктен, жәрдемақы берілмейді екен. Жер кезегіне 2015 жылдың шілде айынан бері кезекте тұрмын. Кезегім келер емес. Баспаналы болып, мемлекеттік жәрдемақыға қол жеткізуге көмек керек, – деді.
Оның сауалына байланысты мәслихат депутаты Әзия Қыстаубаева кент әкімдігіне хабарласып, жауапты маманнан мән-жайды білді.
Қабылдауда Жайылма ауылдық округінің әкімі Талғат Зейдалиев өзі басқарып отырған елді-мекендегі жеті шақырым жолдың жөндеу жұмысының сметасына қаражат бөлуді сұрады. Елбасының Жолдауында жергілікті жол мәселесіне байланысты байыпты назар бар екеніне тоқталып, депутаттық сұраныс жасау арқылы, алдағы уақытта сессияда қаралатынын түсіндірді.
Сунақаталық Орынша Әбсадыққызы жеке кәсібін дөңгелетуі үшін, тігін цех ашуға қолайлы орынға қол жеткізе алмай жүргенін жеткізді. Депутат ауылда бос тұрған ғимарат аудандық аурухананың есебінен шығып, ауыл әкімінің балансына өтіп жатқанын, құжат рәсімделіп біткеннен кейін ғана жалға алу мүмкіндігі болатынын анықтап берді. Қыз жасауы мен мектеп формасын тігудің шебері Орынша Қыпшақбаева ел тізгінін ұстаған басшыларға, «Нұр Отан» партиясының өкілдеріне, депутат Әзия Қыстаубаеваға үмітін үкілеп, жүрекке сенім сыйлағаны үшін ризашылығын білдірді.
Қабылдауға келген өзге азаматтар жұмыссыздық мәселесімен келді. Депутат олармен әңгімелесу барысында қандай мамандықтары бар екенін анықтап, ауданға қажетті мамандық бойынша қысқа курстық білім алуға құжат тапсыру үшін аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтардың хал-актілерін тіркеу бөліміне бағыттады.

Түйін. Халықтың базынасына бірінші болып құлақ түріп, әр азаматтың басына түскен қиындықтарын жеңілдетіп, мәселенің шешілу жолын көрсету әрбір депутаттың басты міндеті. Осындай жауапкершілік жүгін көтерген Әзия Қыстаубаева халыққа деген ерекше ықыласымен қадірлі. Сондықтан болар, қабылдауға келген тұрғындар көңілдері марқайып тарқасты.

Мақпал Марқабай.
13 қаңтар 2018 ж. 1 500 0