Құрылтай

Соңғы жаңалықтар

№60 (8974) 11

11 тамыз 2026 ж.

№59 (8973) 8

08 тамыз 2026 ж.

№58 (8972) 4

04 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » «ЖАСТАР - СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«ЖАСТАР - СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ



Кездесу басында «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Н. Орынбасаров студенттерге арнайы әзірленген презентацияны ұсынып, сыбайлас жемқорлық туралы түсіндірме беріп өтті. Келесі кезекте Жаңақорған аудандық прокуратурасының аға прокуроры А. Жоспаров сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша қарастырылған жаза түрлеріне тоқталса, АПБ қызметкері А. Төлешов құқықтық кеңестерін беріп, студенттердің сұрақтарына жауап берді. Аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы
Ә. Төлегенов жастар арасындағы мәдениеттілік тақырыбында кеңкөлемді баяндама жасады. Сонымен қатар, арнайы әзірленген тақырыптық бейнероликтер көрсетіліп, жастардың түйген ойлары тыңдалды. Кездесу соңында Жаңақорған тынысы газетінің тілшісі Б. Бекмаханова және Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Мампаев кездесуге қатысты қорытынды ойларын білдіріп, сала мамандарына алғысын жеткізді.
22 ақпан 2023 ж. 764 0