Соңғы жаңалықтар

№93 (8907) 6

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » "ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП" АПТАЛЫҒЫ

"ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП" АПТАЛЫҒЫ


Облыс прокурорының іс - шаралар жоспарына сәйкес аймағымызда "Заң және тәртіп" апталығы басталды. Апталық аясында мобильді топ құрылып, Қожакент ауылдық округінің тұрғындарына жеке қабылдау жүргізіліп, өтініш - шағымдары тыңдалды.

Осыған орай бүгін Жаңақорған аудандық прокуратурасының ұйымдастыруымен Жаңақорған кенті, "Руханият" орталығы ғимаратының алдында «Тәртіп батырлары күні» тақырыбында азаматтар үшін ашық есік күні өткізілді.

Ауцияның басты мақсаты – тұрғындармен кері байланысты нығайту, азаматтардың өтініштерін қабылдап, олардың өзекті мәселелерін уәкілетті органдардың қатысуымен шешу болды.

Ашық есік күніне аудан прокуроры Дабыл Аянұлы, аудан әкімінің орынбасары Бектас Нуридинов, аудандық полиция бөлімінің бастығы Нұрлан Ибраев, жергілікті атқарушы орган басшылары және білім, денсаулық саласының өкілдері қатысты.

Қабылдау барысында тұрғындар кәсіпкерлік, жұмысқа орналасу, құқықтық көмек тағы да басқа сұрақтарын қойып, нақты түсініктемелер алды. Әрбір азаматтың өтініші жеке қаралып, жауапты органдар тарапынан тиісті шаралар қабылданды.

Жеке қабылдауға келген әрбір қатысушыға мемлекеттік органдар тарапынан құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, заң аясында кеңестер берілді.
24 маусым 2025 ж. 1 215 0