» » Пробациялық қызмет тізіміндегі азаматтарға түрлі бағытта кеңестер берілді

Пробациялық қызмет тізіміндегі азаматтарға түрлі бағытта кеңестер берілді

Бүгін Жаңақорған аудандық прокуратурасының бастамасымен, қоғамдық даму бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен аудандық пробация қызметінің ұйымдастыруымен Ордакент ардагерлер, жастар ресурстық орталығында пробациялық есепте тұрған азаматтармен кездесу өткізілді.

Кездесуге Жаңақорған аудандық прокуратурасының аға прокуроры А. Жоспаров, діни экстремизмнің алдын алу бойынша Республикалық ақпараттандыру тобының мүшесі А. Сабырұлы, пробация қызметінің бастығы А. Искаков, аудандық қоғамдық даму бөлімінің теолог маманы А.Сақтағанова қатысып, түрлі бағыттарда баяндама жасады.

Діни экстремизмнің алдын алу, құқықтық сауаттылық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру, қайта қылмыс пен әкімшілік құқықбұзушылық жасамау керектігі турасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
17 маусым 2023 ж. 192 0