Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Ұлт қауіпсіздігінің қалқаны

Ұлт қауіпсіздігінің қалқаны


Қай кезде де Отан деген ұғымның ауқымы үлкен. Отан – ол сенің бүгінің мен келешегіңнің қасиетті төрі, ертеңгі ұрпағыңның ұлық ұясы. Оны көздің қарашығындай сақтау – әрбір саналы азаматқа міндет.
ЖексенбікүніжаңақорғандықтаросыданонүшжылбұрынмемлекеттікқауіпсіздікқызметіндежүріпмертболғанАманбекПердешбекұлынескеалуғаарналғанжиындабасқосты.
Жалпы, Қоныс атадан тараған бұл әулетте бес ағайындының баласы бір қазаннан ас ішіп, бір шаңырақ астында алты-жеті бесік бірдей тербетілген тату құтханада өсіп-өнген өрендер өнегеден құралақан қалмады. Қарап отырсаңыз, қатар ойнап-күліп, алыс арманға бірге қанат қаққан көкөрімнің жалын кеудесі көбірек жауынгерлік салаға ауып, араларында әскери мамандықты меңгергендері де аз емес екен. Елді қорғау сапында танылудың басты талабы – тегеурінді күш-қуаттың болуы, ал оған қол жеткізуде ең алдымен жүректің құштарлығы керек.  
Пердешбек ағамыздың көп жылдар ұстаздық ете жүріп, қабатында спорт жаттықтырушысы болғаны, бойында күші тасыған қырандарды бокс өнеріне баулығаны есте. Ал өзінің төрт ұлы да әке жолымен өр де өжет болып ер жетті. Екінші ұлы Аманбегі (суретте) аудан орталығындағы №163 орта мектепті бітірген соң 1992 жылы қараша айында әскер қатарына шақырылып, екі жыл гвардияда бөлімше командирі қызметін атқарды. Оның басқарған бөлімшесі сан сынақта шыңдалған ұқыпты да тәртіпті дағдыны бекем ұстап, жоғары  басшылықтың алғысын иеленеді. Аманбек әскер қатарынан бірден ҚР Қорғаныс күштерінің шекара басқару училищесіне жолдама алады. Оны бітірген соң, 1998 жылы Шығыс Қазақстан облысындағы ҚР Мемлекеттік шекараны қорғау күштері Зайсан шекара жасағына қарасты «Майқапшағай» заставасы бастығының орынбасары қызметінде айрықша көзге түседі. Одан соң штабтың жауынгерлік дайындық бөлімшесінде денешынықтыру және спорт қызметіне жетекшілік етті. 2000 жылдан бастап коменданттық ротаның, одан әрі жауынгерлік дайындық бөлімшесінің аға офицері, 2002 жылдан бастапЗайсан шекара жасағында жас сарбаздарды даярлайтын оқу орталығының бастығы болып тағайындалды. 2005 жылдан бастап штабтың жауынгерлік дайындық бөлімшесінің бастығы, 2011 жылы Бейнеу шекара жасағының штаб бастығы, 2012 жылдан бастап Жетісай шекара жасағының бастығы қызметін атқарды. Оның қырағы жауынгерлік қызметі жоғары бағаланып, әр жылдары марапаттарға ие болды. Атап айтқанда, «Мінсіз қызметі үшін» медалімен, «Шекара әскерлерінің үздігі» төсбелгісімен, 2012 жылдың 12 желтоқсанында 3 дәрежелі «Ұлттық қауіпсіздік қалқаны» медалімен марапатталды.
Отанын жанындай сүйетін, оның тыныштығы мен қауіпсізді­гін сақтауда елден жырақта жүрсе де жаһан тынысын жат пи­ғылдардан қорғауда жауынгерлік сертіне адалдық таныта білген қыранның 2012 жылы 25 желтоқсанда қайғылы қазаға ұшырауы бұл әулетке ғана емес, Жаңақорған халқына аса ауыр тиді. ҚР Ұлттық қауіпсіздік қызметі шекара қызметінде жүріп АН-72 әскери әуе ұшағымен апатқа ұшыраған шекарашылар арасында подполковник Шүканов Аманбек те бар еді.
Он жеті жасынан өзі сүйген мамандықтың соңында сан сынақта сыналып, арттағы елге сынық сүйем сөз келтірмеген ардақты ұлдың есімін мәңгі есте қалдыру үшін Жаңақорған кенті орталығындағы «Тағзым» ескерткіші жанынан тас тұғыр еңсе тіктеді. Жаңақорған аудандық тарихи-өлкетану мұражайында бұрыш бар. Ал соңғы қызмет жолын өткерген Оңтүстік Қазақстан облысында жүз отыз мектепте Аманбек Шүканов атында жас шекарашылар атындағы әскери-патриоттық клубы жұмыс істейді. Жетісай қаласында «Ер есімі – ел есінде» екенін айғақтайтын мәңгілік алау от жүректі жауынгерлердің өздері өмірден өтсе де есімдері өшпейтінін әйгілеп тұр. Сондай-ақ ҚР Шекара басқармасының демеушілігімен Сарбаздар туралы кітап жарық көрді.  
  Қырық жастың қырқасына шығып үлгермей мәңгілікке аттанып кете барған  аяулы азаматтың артында жары, екі перзенті жас қалды. Ол кезде бар болғаны сегіз жастағы Дарынның (суретте) түр-тұлғасының өсе келе әкесіне аумай-төкпей ұқсап қалғаны өз алдына, арман-дерті, алдына қойған мақсат-мұраты да бірдей екенін айтқан анасы Дариха ұлының өмірлік таңдауынан еш бет бұрғыза алмағанын айтты. «Ұлымның кішкентай кезінен спортқа бейім болып, жанын аямайтын мінезінің тегін емесін іштей сезіп жүрдім. Тіпті жанымызды қоймаған соң әкесінікіне ұқсас форма тіктіртіп бердім. Соны киіп жүріп кеудесін тіктеді. Әкеге деген сағыныштың орнын жігерлі үмітке жеңдірді. Қаршадай балам мені жұбатып, ал өзі жылап тұрып «Мен де әкемдей батыр боламын. Отаныма қызмет етемін» деген сөзінде тұрды. Ол  мақсатына жету оңай болмады. Қаншама жылдық еңбегі ақталып, еліміздің Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне жас офицер болып тағайындалды. 2019-2021 жылдар аралығында Астана қаласындағы генерал майор  Сағадат Нұрмағанбетов атындағы «Жас ұлан» мектебін, содан соң 2022-2024 жылдар аралығында Қаныш Сәтбаев атындағы  Қазақ ұлттық инновациялық техникалық университетінің әскери кафедрасын үздік аяқтап, әскери-лейтенант шенін алды. Қызымыз Айдана Сеул технологиялық университетін тәмамдап, одан әрі Мәскеуде оқуын жалғастыруда» деді жан толқынысын әрең тежеп. 
Аманбектің жары Дариханың өзі де жалынды жастығын әскери салада дәрігерлік қызметке арнағанын айта кетейік. Осындай ұстанымды ұлық тұтқан отбасының үлгі-өнегесі перзент жүрегіне де ұялап, қалайша өмірлік ұжданына негіз қаламасын?   
Өсіп келе жатқан жеткіншектер бойында Отан қорғау патриоттық сезімін қалыптастыруда Аманбек секілді айбынды ерлердің өмір жолы қасиетті де, қадірлі. 

Баян ҮСЕЙІНОВА
30 қараша 2025 ж. 1 264 0