№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Отанды қорғау қасиетті борыш

Отанды қорғау қасиетті борыш


Ер азамат – ел қорғаны деген асыл ұғым ұрпақ бойында салмақты міндет арқалатары заңды. Әсіресе Отан алдындағы борышын атқаруға бел буған жастар үшін бұл ұғымның мәні бөлек. Сауалнамамыздың нәтижесі ел аумағындағы әскерге шақырылған ер азаматтардың 80 пайызы азаматтық борышын атқаруға дайын екенін 20 пайызы бас тартқанын көрсетті. Көрсеткіштер жас буынның әскер өміріне деген қызығушылығы басым екенін аңғартады.

Жыл сайын Қазақстанда 18-27 жас аралығындағы барлық жас жігіттер әскерге, отан алдындағы борышын өтеуге шақырылады. Әскери қызметін өтеу әр азаматтың парызы мен міндеті болып табылады. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды жергіліктi атқарушы органдар ұйымдастырады және қамтамасыз етеді. Осы орайда Жаңақорған ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, подполковник, бұған дейін 11 жыл Отар әскери гарнизонында қызмет атқарған. Нұрбол Есеналиев ең алдымен сөз басын нақ бүгінгі таңда азаматтарды әскерге шақыру ережесімен бастады.

 – Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 4 наурыздағы № 827 Жарлығы, Жаңақорған ауданы әкімдігінің «2022 жылдың наурыз-шілде және қыркүйек-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» қаулысы негізінде «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі» туралы заңына сәйкес жұмыс жасаймыз деді.

 Бір жылда Қазақстан бойынша 35 мыңға жуық сарбаз әскерге шақырылады. Бұл – міндет. Ал, біздің ауданнан көктемгі шақыру әскер түрлеріне 99 азаматты міндеттеген. Көктемде 114 бала әскер борышын өтеуге кетті. 1 жылдан соң абыроймен отан алдындағы борыштарын өтеп келеді деп үлкен сеніммен, мақтанышпен айтамыз.

 Кей кезде әскерге бала жіберген кезде халық дұрыс түсінбей жатады. Соған қарамастан біз өз міндетімізді орындауымыз қажет. Елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тыныштығын қорғау ержүрек ұлдарымыздың міндеті.

 Қазақ елінің рухты жастары елім, жерім деп тұрмаса біздің ата-бабаларымыздың ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен алып берген тәуелсіз мемлекетімізге кім қорған болмақ?! Сондықтан мен тепсе темір үзетін қайсар мінезді, жігерлі жастардың нағыз патриот болғанын қалаймын. Ер-азамат ретінде әскери өмірді көріп, отанға, ұлтқа,ел мен жерге деген махаббаттары ерекше жастарымызды көргім келеді, – деді Жаңақорған ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, подполковник Нұрбол Есеналиев.

 – Ұландарымызды мектеп қабырғасынан жауынгерлік рухта тәрбиелеу міндет деп жатамыз. Әскер жасындағы жігіттермен жұмыс жасауда бөлім қызметкерлері тынбай ізденіс жасайды. Осы бағытта не айтар едіңіз?

– Жеке тұлғамен жұмыс жасай алатын маман кеңесі кепілдік береді. Бұл орайда бөлім бастығының көмекшісі Исабаева Гульмира апайымыздың еңбегіне зор ықылас білдіреміз. Сонымен қатар инспекторлар – Ерік Жұмаділлаұлы  Нүркен Баянбайұлы және Мұхтар Анарбаев сынды мамандарға алғыс айта отыра, алдағы жұмыстарына толағай табыс тілейміз.

– Көпшіліктің көкейіндегі сауал, әскерге барған азаматтардың өміріне кім жауапты?


Кімнің алдында не күтіп тұрғанын ешкім білмейді. Ең алдымен үлкен тәуекелдікпен одан кейін әскери бөлімдегі тәртіпке, заңдылыққа сенеміз. Шақырылып жатқан жердің, баланың моральдық психологиялық тұрғыдан дайындығына сенеміз. Кәзіргі жастардың көбі әскерге барғысы келмейді. Бірақ бізге келгеннен кейін,комиссиядан өткеннен кейін, денсаулығы жарамды болған балаға түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз. Заңның талабын түсіндіреміз. Әскери өмірдің артықшылықтарын айтып, үгіт-насихат жасаймыз. Соның нәтижесінде жігіттер әскерге барып, борыштарын өтеуге келісімдерін береді. Келісім берген әр жеткіншек оның қиындықтарына табандылықпен шыдайды деп сенеміз.

 ҚР-ның 36 бабында ҚР қорғау әр азаматтың қасиетті парызы және міндеті деп жазылған. Яғни әскерге бару дені сау азаматқа міндет деген сөз. Біздің жұмыс жастарды отан алдындағы борышын өтеуге және Конститутцияның міндетін орындауға шақыру. Себебі Отан – бәрімізге ортақ.

Әскери қызметкер бағыну керек екі талап, ол – тәртіп және міндетін адал атқару, – деді подполковник Нұрбол Әбдашімұлы.

«Отан үшін отқа түс, күймейсің!» деп Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай жастарға айтарым, мемлекетіміз ортақ. Ер-азаматтың жаратылыстағы бір міндеті ол – Отанды қорғау. Жастарды елімізді, жерімізді бірге қорғауға, оған еге болып қалуға, аманат етіп берген жерді ұстап тұруға шақырамын. Қыздарымыз бен аналарымызға біз қорған болуымыз қажет. Әскердің қиындығынан қорықпаңыздар деп рухты, жалынды сөздерімен егемен елдің еңселі азаматтарын отан алдындағы борышын өтуге шақырды.

Ботагөз Маратқызы
28 сәуір 2023 ж. 292 0