№60 (8874) 12

12 тамыз 2025 ж.

№59 (8873) 9

09 тамыз 2025 ж.

№58 (8872) 5

05 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » АУДАН ӘКІМІ МАЖИТ САМИТОВТЫҢ 7 МАМЫР – ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ!

АУДАН ӘКІМІ МАЖИТ САМИТОВТЫҢ 7 МАМЫР – ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ!

Құрметті жаңақорғандықтар!
Қадірлі ағайын!


Бүгін – шебі бүтін, шекарасы берік қасиетті Қазақ жерін қорғайтын Қарулы Күштеріміздің құрылған күні.

Еліміздің шекарасын, әуе кеңістігі мен теңіз айдынын қорғау жолында әскери борышын өтеп жатқан барлық сарбаздарға ерекше алғысымызды білдіреміз.
Заман қанша жерден дамып кетсе де Отанға деген сүйіспеншілік, ерлік пен жауынгерлік рух өзгеріссіз қалады.

Бұл күні біз Қарулы күштер қатарында қызмет еткен және сапта жүргендерге ерекше құрмет көрсетеміз.

Мемлекеттің, қоғамның және әрбір қазақстандықтың қауіпсіздігін қорғаушылар өз өмірін тәуекелге тіккен жандар.

Отан қорғау деген – ұлы парыз, ұлы жұмыс.
Еліміз тыныш, аспанымыз ашық болсын, бейбітшілік мәңгі жасасын!
07 мамыр 2025 ж. 192 0